Түшкіруді тоқтатпаңыз
Егер түшкіргіңіз келсе ауыз бен мұрныңызды жауып, түшкіруді тоқтатуға тырысудың қажеті жоқ. Өйткені ол денсаулыққа зиянды дейді дәрігерлер.
Англия тұрғыны тамағы ауырып, дәрігерлерге жүгінген. Ақ халаттылар ер адамның өңешінің төменгі бөлігі жыртылғанын анықтаған. Бұл сырқат түшкірмеудің себебінен болыпты. Емделуші жеті күн бойы түтік арқылы тамақтанып, қалыпқа келген.