Неліктен егіздер бір-біріне ұқсайды?

Oinet.kz 12-03-2020 2417

Сіз бір рет болсын неліктен бір анадан туылған егіздер бір-біріне қатты ұқсайтыны жайлы ойлап көрдіңіз бе? Расыменде, не үшін қатты ұқсайды? Ендеше осы тақырыпты тарқатып көрелік.

Twins.jpg

Егіздер – ерекше жандар. Оларда гендердің бірдей жиынтығы бар, өйткені олар бір ұрықтанған жұмыртқадан пайда болды. Жұмыртқа екі жартыға бөлініп және оның әр жартысы бөлек организмге айналды. 

Мұндай егіздерді монозиготикалық деп атайды. 

Бірақ көптеген жұмыртқалы (гетерозиготалы немесе дизиготикалық) егіздер де бар. Олар екі жұмыртқаны бірден ұрықтандырған жағдайда туылады. 

Мұндай егіздердің гендер жиынтығы әрқилы болғандықтан олар әр түрлі жыныста болуы мүмкін және бір-біріне мүлдем ұқсамайды. 

Егіздер жайлы әлі күнге дейін жұмбақтар шешусіз қалып отыр. Олар физикалық және рухани жағынан қаншалықты байланысты, неге олар бір-бірінен ұзақ қашықтықта болса да өздеріндегі өзгерісті сезініп отырады?

Міне, осы сұрақтарға ғалымдар әл күнге дейін жауап іздеуде. 

Бала Питер Пеннің құпиясы
Марат Омаров некесіз немересі туралы дауға өзі келіп жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу