Марат Омаров некесіз немересі туралы дауға өзі келіп жауап берді
Отандық белгілі әнші Марат Омаровтың некесіз немересіне байланысты дауға нүкте қойылды. Танымал әнші "Астарлы ақиқат" бағдарламасына арнайы келіп қатысып, немересі туралы бар шындықты айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.
Марат Омаров бағдарлама барысында немересі екені анықталса тегін беруден қашпайтынын айтты.и Сондай-ақ, аталмыш ток-шоу барысында TreeGen генетикалық лабораториясының арнайы маманы келіп, осыдан бір апта бұрын алынған ДНҚ сараптамасының нәтижесін айтты. Сараптама қорытындысы бойынша кішкене бүлдіршін 99,98% Марат Омаровтың немересі болып шықты.
- Көзайым Азаматтан аумайды екен. Ардақты ағайын сіздер бізді халықтың арасында өнерімізбен танымал жанұяның жақсы жаңалығына куә болып отырсыздар, - дейді Марат Омаров.