Гитлердің атасы еврей ме?
11-01-2024
Ең алғашқы субұрқақтар Ежелгі Мысырда және Месопотамияда пайда болды, мұны ежелгі құлпытастардағы бейнелер дәлелдейді. Олар сұлулық үшін ғана емес, сонымен қатар мәдени және сәндік өсімдіктерді өсіру үшін де өсірілді. Египетте үйдің алдындағы гүлді бақтарда тікбұрышты тоғандар тәрізді субұрқақтар орнатылған. Персия мен Месопотамияда әдемі бақтарға ерекше сұлулық қосу мақсатында әрқилы сбұрқақтар қолданыла бастады. Кейіннен Шығыс елдерінде де субұрқақтар таныла бастады.
Белгіленген қағида бойынша шығыс бақтарында міндетті түрде мөлдір су, әсем гүлдер, өсімдіктер мен әуен болуы шарт. Мұсылман бақтарында әрүрлі түсті тақтайшалар, шашыранды субұрқақтар арқылы ерекше сұлулық пайда болады.
Бақшаның басқа түрлеріне су, гүлдер, ағаштар, әрқилы түстер мен көлеңкелер жатады. Мұндай әсем сұлулықты Үндістандағы Тадж Махал ғибадатханасының алдынан көре аламыз. Кейіннен субұрқақ Қытай мен Жапония елдерінде де пайда болды.
Қазіргі таңда әлемнің кез келген қаласында субұрқақтың қаншама әсем түрлерін көре аламыз. Тек қаланың әсемдігіне өзгеше сұлулық қосып қана қоймай, жаздың шыжынаған ыстығында адам тәніне ерекше салқындатып, жанын жадыратары сөзсіз.