Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Сәулетшілердің қиялы шексіз екенін әлемдегі ең ерекше субұрқақтар арқылы көре аламыз.
Кемпірқосақ-көпірлі «Банпо» субұрқағы. Сеуіл, Оңтүстік Корея
Бұл тек субұрқақ ғана емес, сонымен бірге кемпірқосақтың барлық түстеріндегі судың көпірі. «Банпо» субұрқағының ұзындығы 1140 метр. Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ең ұзын субұрқақ көпірі. Әдетте субұрқатарда су жоғары көтеріліп, төменге ағады емес пе? Мұның кәдімгі субұрқақтардан айырмашылығы ағыны жан-жағына және төменге қарай ағады. Суды ашық түстермен жарықтандыру үшін 10 мың жарықдиодтары қолдангылады. Осындай әсем көрініс себепті бұл субұрқақты «ай сәулесі астындағы кемпірқосақ» деп атайды.
Сонымен қатар, субұрқақ экологиялық таза болып саналады. Су тікелей өзеннен алынып, қайта оған қайтарылады.Тағы бір ерекшелігі субұрқақ 100 түрлі әуенге арналған «су биін» де ұйымдастыра алады.
Фахд патшасының субұрқағы. Джидда, Сауд Арабиясы
Бұл субұрқақ 1985 жылы ашылған, әрі әлемдегі ең биік субұрқақ болыпр саналады. Оның биіктігі – 312 метр. Алғашқыда, яғни 1983 жылы субұрқақты жасап шығарған, алайда оның биіктігі бар жоғы 120 метр болып, кейіннен екі жылдан соң әлемде теңдесі жоқ субұрқақ пайда болды. Ерекше субұрқақ теңіздің ортасында орналасқандықтан секундына 375 км жылдамдықпен аспанға 652 литр суды көтере алады. Субұрқақ атауы Сауд Арабиясының патшасы Фахд ибн Абдель Азиз Аль Саудтың монархтың кезінде салынғандықтан осылай аталады. Алайда, әлемге Джидда субұрқағы деп танылған.
Дубай субұрқағы. Дубай, БАӘ
Бұл субұрқақ әлемдегі ең үлкен әрі ең жоғары деп саналады. Оның ұзындығы 275 м, биіктігі 150 м жетеді, оны 50 қабатты ғимаратпен салыстыруға болады. Ол Дубайдың орталығында, Бурдж-Халифа жасанды көлінде 12 гектар жерді алып жатыр.
Субұрқақ 6600 жарық пен 25 түрлі-түсті жарықтандырғыштармен жабдықталған. Көптеген сорғылар көптеген сорғылар, бүріккіштер және су айдайтын құрылғылар көмегімен су ағындары әрқилы танымал әуендерге ерекше қозғалыс жасап, билей алады. Бұл субұрқақтың ерекшелігі. 2009 жылы ашылған субұрққа әлі күнге дейін әлем жұртын өзіне тәнті етуде.
Байлық субұрқағы. Сингапур
Сантек-Сити сауда орталығының аумағында орналасқан бұл субұрқақ 1995 жылы салынды. Оның ауданы 1683 шаршы метрді құрайды, Биіктігі 13,8 метр. Және оны 85 тонналық ауырлықта төрт бағана көтеріп тұрады.
Кешке қарай субұрқақ лазерлік сәулелермен жарықтандырылып, қала жұртына ерекше сұлулықты тарту етеді. Кез келген субұрқақты тамашалауға келген қалаушылар сәттілік пен өркендеу үшін өздеріне күш-қуат алады. Бұл әрине, халық арасындағы қалыптасқан түсініктін бірі.
Субұрқақтың жоғары бөлігі күніне үш рет өшіріледі және кішкентай бөлігі ғана қосулы тұрады. Тілегіңіз орындалу үшін бірінші оң қолыңызды су салып, тілек тілеп, кейін субұрқақты сағат тілімен айналдырамыз. Ал кейін ауадан түсетін байлықты аңсап жатасыз.