Сатыбалды Тілеуұлының туғанына - 140 жыл
03-05-2023
1. Жаңадан туылған сәбидің көзі нашар көреді. Бірақ анасын бірден тани алады.
⠀
2. Жүкті әйелдің иіс сезу мүшесі ұлғая түседі. Кез келген иісті жақтырта бермейді. Бұл сәбиді зиян иістермен уландырмаудың әдіс-тәсілі деседі.
3. Көңіл-күйлері тез арада өзгереді.
4. Бесем табудың мүмкіндігі 600 000 адамның ішінен 1-еу ғана.
5. Жүкті әйелдердің шаштары қалың, әлі жылтыр болады. Себебі олардың ағзасында өзге гормондар бөлінеді.
6. Әр 3 секунд сайын дүниеге сәби келеді.
7. Кейбір ер адамдарда әйелінің аяғы ауыр кезінде құсу, салмақ қосу, ішінің ауруы, бас айналу, тәбеттің болмауы секілді белгілер пайда бола бастайды.
8.Аяғы ауыр әйел ерекше құлпырып кетеді. Ол рас. Жүктілік кезінде әйел адамдардың терісі жаңа туған сәбидікіндей жұмсақ болады. Себебі аяғы ауыр кезде, әйел адамның ағзасындағы қан мөлшері 50 пайызға артады.
9. Бала құрсақта жатқан кезде жылайды, күледі, тіпті билейді де. Сол үшін әйел адам үнемі жақсы ән тыңдап, жақсы әңгіме айтып, тек жағымды нәрселерді ойлау керек. Анасы қандай сезімде болса, баласы да сол эмоцияларды бастан кешіреді.
10. Әйел адамның 40 жаны бар деп жатады. Бірақ аяғы ауыр кезде олар өте әлсіз келеді. Кез келген жағдай баланың шетінеп кетуіне немесе түсіктің болуына себеп бола алады.