Өзіңізге ұнаған жүзікті таңдаңыз
Сіздің назарыңызға бірнеше жүзіктерді ұсынамыз. Олар сондай әдемі! Сіздер де жалтыраған жүзіктер секілді сұлусыздар. Ендеше таңдаған жүзігіңізге қарап өзіңіздің болмысыңызды анықтаңыз.
№1 жүзік
Сіз – өз бағаңызды жоғары білетін Патшайымсыз. Патшайым өзіне де өзге адамдарға да әркез адал. Кейде адамдар сіздің бәрін бетке тіке айтатын қасиетіңізді ұнатпауы мүмкін, бірақ уақыт өте өзіңіздің табиғи сүйіапеншілігіңіз бен қылықтылығыңыздың арқасында бәрі ұмыт болады. Сіздің шынайылығыңыз бен мықтылығыңыз айналадығы адамдарды қызықтырады. Егер сізге бір жан ұнаса сіз оған барша жылуыңызды төгесіз, ал егер бір көргеннен ұнатпасаңыз оны іште жасырмайсыз, ашық айтатың мінезіңіз бар.
№2 жүзік
Сіз нағыз – күн сәулесісіз. Жан-дүниеңіз мәңгі жадырап, айналаңызға ерекше жақсылықтың сәулесін шашып, қуантып жүресіз. Өз эмоцияларыңызды тартынбай сыртқа шығарып тастайсыз, өз ойыңызды қымсынбай ашық айтасыз. Жұмыстағы мансабыңыз сіз үшін маңызды емес, бірақ соңғы орында қалғыңызда келмейді. Әркез күліп жүру арқылы бәрі сізден өмір сүруге шабыт алады.
№3 жүзік
Сіз – махаббат. Өзге адамды сүйгенді, сүйікті болғанды ұнатасыз. Жүрегіңіз шексіз риясыз махаббатқа толы. Бұл сіздің ерекшелігіңіз. Қоршаған ортаны, өз адамыңызды, жұмысыңызды бәріне сүйіспеншілікпен қарайсыз. Және өзге елге, көрмеген жерге саяхаттағанды жақсы көресіз. Алайда жаныңызға жақын адамыңызбен жәй үіде отырып кофе ішкеніңіздің өзі сізді шексіз бақытқа бөлейді.
№4 жүзік
Сізде кез келген жағдайда төгіліп тұратын жақсылықтың энергиясы бар. Барлық мәселені ақылмен шешуге тырысасыз. Сіздің адам жанын түсіне қоятын тұңғиық көздеріңіз бар. Айналадағы адамдар сізбен қарым-қатынас орнатуға тырысады. Барлығымен сәлеміңіз түзу, алайда ең жақын жандарыңыз бірнеше ғана. Бірнеше адамыңыздың өзі сізді әркез қолдап, демеп отырады, сеніміңізді ақтайды. Алайда сіз сатқындық пен өтірікті жек көресіз әрі ешқашан кешіре алмайсыз.
№5 жүзік
Осы әдемі әрі жеңіл жүзікті таңдаған сізде ерекше сұлусыз. Сіз айналадағы барлық оқиғаны өзіңіздің көкірек көзіңізбен көре аласыз. Сырт көзге қарапайым және көңілді болып көрінесіз.Араласатын ортаңыз көп және сізбен сөйлесу оңай әрі жеңіл. Бойыңызда бітпейтін энергия көп, жан-жағыңыздағы жандарға қуаныш пен шаттық сыйлап жүресіз. Өзіңізге көп уақыт бөліп үйреніңіз және өзіңізді қуантыңыз. Сол кезде өміріңіз жадырап шыға келеді. Өміріңізді көркейту өз қолыңызда. Сәттілік сізді жақсы көреді.
№6 жүзік
Сіз өз эмоцияларыңызды ақылмен жүргізесіз. Жан-дүниеңіз тым нәзік болғанымен ақылыңыз әркез дұрыс шешім қабылдауыңызға жол көрсетеді. Өміріңіздегі әрбір сәт өте құнды, әрі кез келген жағдайды өзгелерге қарағанда шынайы жүрегіңізбен сезінесіз. Барлық қиыншылықты өзіңіздің жігер-қайратыңызбен түзей аласыз. Өзіңіздің ақылыңыз бен ерекшелігіңіз әркез өміріңіздің шамшырағы болып қалады.