Психологиялық тест: Сырыңызды қай құлыппен құлыптар едіңіз?

Oinet.kz 24-02-2020 1242

Өзгеге айтқыңыз келмейтін, іште жұмулы жатқан құпияларыңызды оятқыңыз келмесе берік құлыппен құлыптаңыз. Ендеше, сіздің сырыңызға жауап беретін құлыптың бірін таңдаңыз!

1548249015_untitled-1-12.jpg

1- құлып: жомарт, адамгершілігі мол

Сіз тек жақсы қасиеттерге ұмтыласыз. Өзіңізге үлкен талаптар қоясыз. Еңбекқор адамсыз. Менмен емессіз. Сыңарыңызды сыйлап, жақсы көресіз. Тіпті сезіміңізді ойыншыққа айналдырып, тастап кетсе де, оны ұзақ уақыт бойы ұмыта алмайсыз.

2- құлып: тартымды, шыншыл

Сіз жауапкершілікке бей-жай қарайтын адам емессіз. Өзгелерге қамқорсыз. Жұмысты «таза» орындауға тырысып, мойыныңызға көп міндет жүктеп аласыз. Мінезіңіз жақсы. Адамдар сізге сенеді. Сіз тез ойлап, тез әрекеттенуге дағдыланғансыз. Өткір тілді адам болғандықтан, таныс емес ортада да айтарға сөз табасыз.

3 -құлып: ақылды, ойшыл

Сіз көп ойланасыз. Идеяларыңыз бен ойларыңыз сіз үшін өте маңызды. Белгілі бір мәселені шешу үшін жалғыз қалып, ойланғанды жақсы көресіз. Сіз – интровертсіз. Ойланып, білім алуға құштар адамдармен тіл табыса аласыз. Адамгершілік туралы ойлануға көп уақыт жұмсайсыз. «Дұрыс жолмен» жүруге тырысасыз. Қоғамның пікіріне тәуелді емессіз.

4 – құлып: зерек, философ

Сіздей адам бұл әлемде жоқ. Тіпті ұқсайтын адам да жоқ. Сіздің интуицияңыз жақсы дамыған. Көп адам сізді дұрыс түсінбейді. Мұндай жайттарды жүрекке жақын қабылдайсыз. Жеке кеңістікті қажет етесіз. Өз шығармашылығыңызды дамытуға тырысасыз. Өте сезімталсыз.

29 ақпан несімен қауіпті?
Өзіңізге ұнаған жүзікті таңдаңыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу