29 ақпан несімен қауіпті?

Oinet.kz 10-02-2020 2447

Кібісе жылда туылған адамды алда не күтеді? Халық неге Әулие Кассианды ұнатпайды? 

29 ақпан - Григориан күнтізбесіндегі кібісе жылының 60-шы күні. Бұл күн төрт жылда бір рет қайталанады. Славян халықтық күнтізбесінде 29 ақпан Касьян күні деп аталады.

663996743.jpg

Кассиан - әулие Касян деген кім?

Әулие Касьян немесе Римдік Джон Кассиан - нағыз тарихи сипаттағы христиан монахы мен дін маманы болған. Ол б.з. 4-5 ғасырларында өмір сүрген. Кассианды  еске алу кібісе жылының 29 ақпанында келсе, ал кәдімгі жылдарда 28 ақпанға түспа-түс келеді. Кассиан күнінің ырым-тиымдары тек бір күнмен ғана шектелмей, қаншама жылдар өтседе әлі де қолданыста.

384027717.jpg

Бір аңыз бойынша, Құдай кедейге орынсыз қарым-қатынас жасағаны үшін Кассианды жыл сайынғы естеліктерден айырады. Ал басқа нұсқасында Кассиан шайтанға барлық зұлым рухтарды көктен қуып шығарғысы келетіні жайлы айтып Иемізге опасыздық жасайды. Содан кейін Кассиан өз ісіне өкінгендіктен Құдай оның жазасын жеңілдетеді: үш жыл қатарынан періште Кассианның маңдайына балғамен ұрып, төртінші жылы демалдырады.

Халықтық қауесет бойынша әулие Кассианның жағымсыз белгілері: пайдакүнемдік, сараңдық, теріс ниеттілік және кекшілдік.

Шығыс славяндық аңыздар мен ертегілерінде Кассианның өлімге толы көзқарасы туралы айтылады. «Касян адамдар үшін қиыншылық», «Касян шөпке қараса шөп қурап қалады, ал малға қараса мал қырылып, ағаштар өліп қалады» осы сынды халық арасында жаман көзқарас қалыптасқан. 

Халық арасында тараған Касьянның барлық жағымсыз қасиеттеріне қарамастан, оның нағыз прототипі Джон Кассиан әділ өмір сүрді және монастикалық өмірдің ерекшеліктері туралы көп мәлімет қалдырды. Мәселен «Монастырлық жатақхананың жарғысында» ол монахтардың киімін егжей-тегжейлі сипаттап, монастырдың өмірі мен ережелері туралы әңгімелейді.

Кейбір дінді зеріттеушілер әулиенің теріс бейнесін және оның тағзым ету күнін христиандыққа дейінгі «жаман» және «жақсы» уақыттар туралы идеяларымен түсіндіреді. «Жақсы» уақыт әлем тәртіп пен бейбітшілік жағдайында болғанда,  ал «жаман» уақыт ауысу және өзгеру кезеңі, яғни қыстан жазға, жаздан қыстаға, ескіден жаңаға дейін.

29 ақпан - Касьянов күні және ырымшылдық

Шығыс славияндары 29 ақпанның балама атауларын айтты. Мәселен, Күншіл Касян, Мейірімсіз Касян, Пайдақор.

Шығыс славяндарында 29 ақпан баламалы атауларға ие болды: Ашуланған Касьян, Қисық жолды Касян, Қасян мейірімсіз, пайдакүнем сынды және тағы басқа атаулармен атаған.

Бұл күні дүниеге келген адамдар тағдыры қиын әрі ауыр аурумен өмір бойына күресіп, бұл өмірден ерте өтеді. 

Егер сіз көшеге шықсаңыз қиындықтар мен ауруды бойыңызға тез қабылдап аласыз. 

Бұл күнде жасаған жұмыста оң нәтижесін бермейді.

29 ақпанда некеге тұруға немесе балаға байланысты кез келген рәсімдерді өткізу жайлы ойлаудың өзі дұрыс емес. Кібісе жылы барлық маңызды оқиғалар үшін қолайсыз болып саналды.


Әлемдегі ең ерекше кітапханалар
Психологиялық тест: Сырыңызды қай құлыппен құлыптар едіңіз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу