Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Александрина кітапханасы, Египет
Екі мың жыл бұрын жойылған кітапхана 2002 жылы ашылған Александрина Мысырдың мақтанышы мен көрнекті орындарының бірі болды. Күннің пішініңдегі ғимаратта 8 миллионға жуық кітап бар. Халықтың әртүрлі топтары үшін, оның ішінде көру қабілеті нашар адамдарға арналған арнайы мамандандырылған кітапханалар бар. Мұнда кітапханалардан бөлек төрт үлкен галерея, планетарий және ежелгі зираттар қалпына келтірілген заманауи шеберхана бар.
Бруклин өнер кітапханасы, АҚШ
Бұл кітапханада кітаптар жоқ, бірақ эскиздер - эскизбеттердің үлкен қоры бар. 2006 жылы Петермен жұбы Стивен мен Сара өздерінің сыныптасы Шейн Цукермен бірге кооператив құрды, кейіннен ол Sketchbook жобасына айналды. Бүгінде бұл 40 000-ға жуық иллюстрациялық альбомнан тұратын, 20 000-ға жуық электронды түрде көруге болатын үлкен кітапхана. Сонымен қатар, ерекше кітапханадан сіз танымал суретшілердің, сондай-ақ жаңашыл суретшілердің немесе иллюстраторлардың жұмыстарын таба аласыз. Әрі ерекше кітапхананы әлем жұртшылығымен бөлісетін кез-келген адам кітапханаға 25 доллар төлеп тіркеліп, содан кейін жаңа альбом ала алады. Кәдімгі тұрақты орыннан басқа, кітапхананың мобильді шағын нұсқасы да бар. Шамамен 4,5 мың эскиз кітаптарын сыйғызатын шағын жүк көлігі бүкіл ел бойынша аралап, мыңдаған адамдарға қазіргі заманғы өнермен танысуға мүмкіндік береді.
Иваки қаласындағы балалар суреттерінің мұражай-кітапханасы, Жапония
Балалар үшін жасалған ең ерекше мекен Жапонияда орналасқан. Бір апта бойы мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізіледі, жұмада әр бала кітапханаға келіп, ұсынылған 10 000 кітаптың кез-келгенін ала алады, жарқын суреттермен танысады немесе оқи алады. Балаларға кітапханадағы жарық бөлмелер мен жұмбақ қараңғы дәліздер ұнайды. Сәулетші Тадао Андо ғимаратты балалар терезеден керемет Тынық мұхитына қарап, армандай алсын деген мақсатпен салған.
Бишан қоғамдық кітапханасы, Сингапур
Кітапхананың бой көтергеніне небәрі 12 жыл болса да қазірдің өзінде мемлекеттің мақтанышы. Әрі сингапурлықтар мен кішкентай мемлекет қонақтарының зияткерлік демалысы үшін ең тартымды орындардың біріне айналды. Сырт бейнесі мөлдір болып көрінетін авангардтық ғимарат заман талабына сай жасалды. Ішінде әр бөлме тек оқуға ғана емес, оқырмандарға ыңғайлы болатындай етіп жасалған. Түрлі түсті әйнек блоктары сіздің шексіз қиялға берілуіңізге, үндемей оқуға немесе ешкім алаңдамайтын жерде армандауға мүмкіндік береді. Жоғары дыбыстық оқшаулағышы бар арнайы бөлмелер оқырмандар тек оқудан ләззат алып қана қоймай, достарымен немесе бейтаныс адамдармен кітаптарды талқылауға болатындай етіп жасалған.
Схипхол әуежайындағы кітапхана, Нидерланды
Бұл кітапхана Амстердам әуежайында 2010 жылы ашылып, әлемдегі әуежайда ашылған ең алғашқы мекеме болды. Ұшуды күте отырып, кез-келген жолаушы оқи алатын кітаптар әлемнің 40-тан астам тілінде ұсынылған. Кітаптардан бөлек кез-келген адам музыка жинағы бар планшеттерді де қолдана алады. Сонымен бірге екі үлкен сенсорлық экраннан саяхатшылар өздеріне керекті кеңесті біле отырып әрі саяхаттайтын орындары жайлы да мәліметтерге қол жеткізе алады.
Тяньцзиньдегі кітапхана «Око Биньхая», Қытай
Форма мен мазмұндағы ең ерекше кітапхана Қытайда 2017 жылы ашылды. Оның құрылысы үш жылға созылды, ашылғаннан кейін ерекше орталыққа келгісі келетін туристер мен оқырмандар ағыны үнемі өсіп келеді. Бір қарағанда, орталық залда кітаптар төбеде тұрған сияқты болып көрінгенімен, бірақ оған жете алмайтындай көрінеді. Шынында, сөрелерде кітаптар жоқ, бұлар тек шебер суретшілердің салған ерекшеліктері. Ал құнды кітаптардың өздері дәстүрлі кітап қоймалары мен залдарда орналасқан. Аудиожазбаларды тыңдау залы да адамда ерекше қызығушылық сезімін оятады.
Бреддоктағы Карнеги кітапханасы, АҚШ
Бұл 1889 жылы американдық кәсіпкер Эндрю Карнеги ашқан алғашқы кітапхана. Кітапхананы құрылысының өзі де ерекше: бассейн, боулинг аллеясы, бильярд үстелдері және концерт залы бар. Кітапханада ауқымды кітап қорымен қатар өнер қорлар да бар. Кез келген келуші өздеріне ұнайтын суретті алып, орнына өзге суретті әкелсе де болады. Және кез келген суретші өз туындысын осында қалдыра алады
Ежелгі уақытта кітапханалар адамзаттың зияткерлік және рухани дамуының ғибадатханасы болып саналды, сондықтан олардың құрылысына ерекше көңіл бөлінді. Әлемдегі ең әдемі кітапханалар керемет сәулетімен, кітаптар мен шаңның ерекше иісімен, жайлылық пен тыныштық атмосферасымен қаныққан үлкен оқу залдарымен ерекшеленеді.