Түтікшедегі нәресте
Перзентті бола алмай жүрген мыңдаған отбасы 1978 жылы балалы болудан үміттене бастады. Себебі сол жылы жасанды ұрықтандыру арқылы әлемдегі алғашқы сәби дүниеге келен еді.
Жаһандағы жалпақ жұрт таныған алғашқы түтікшедегі (приборка) нәрестенің аты-жөні – Луиза Браун. Анасы тоғыз жыл бойы бала көтере алмаған екен. Оған британдық дәрігерлер осылайша көмектескен. 1982 жылы дәл осы жолмен Луизаның сіңілісі Натали туылады. 2004 жылы тұрмысқа шыққан Луиза екі баласын да жасанды жолмен дүниеге әкелген.