Жетісу облысында 6 жастағы бала үш айлық туған қарындасын пышақтап өлтірді

Oinet.kz 11-01-2023 9252

Жетісу облысында алты жастағы бала үш айлық туған қарындасын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_6.jpg

Оқиға 10 қаңтар күні таңертең Жетісу облысының Жаркент қаласында болған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу басталды.  Алты жасар бала өзінің 3 айлық қарындасын үш жерден пышақтап тастаған. Алған жарақатынан нәресте көз жұмды. 

"Жаңа туған нәрестеге пышақ жарақатын салу фактісі бойынша Жаркент қаласында ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қыз төрт ұлдан кейінгі отбасының көптен күткен баласы болған. Үлкен екі ұл студент. Анасы үшінші ұлын мектепке алып кетіп, үш айлық нәресте мен 6 жастағы төртінші ұлын үйге тастап кеткен. "Неге бұлай істедің?" деген сұраққа 6 жастағы бала "ол жылап мазамды алды" деп жауап берген. Баланың ешбір психикалық ауытқуы жоқ, бірінші сыныптың оқушысы.

"Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етілмейді", - деп мәлімдеді Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
«AMANAT»: Аудандық полиция бастығының қабылдауында мәселелер оң шешілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу