Таразда екі дәрігер жаңа туған нәрестені сатып жатқан жерінен ұсталды

Oinet.kz 25-01-2023 739

Тараз қаласының прокуратурасы Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, жаңа туған нәрестелерді сату дерегін анықтады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_9.jpg

«Дерек бойынша 2023 жылдың 12 қаңтарында Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды, Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының 2 медицина қызметкері қамауға алынды», — делінген прокуратура хабарламасында.

Күдіктілер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық істі тергеуді қалалық прокуратура өз бақылауына алды.

Астанада борышын өтеп жүрген Ұлттық ұлан сарбазы өз анасын танымай қалған
Әлеуметтік желіде баланың маңдайын тесіп қан шығарған ем-дом әдісі сын тудырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу