Екібастұз әкімдігі тұрғындарды жылусыз қалдырған монополистен 22 млн теңге өндіріп алды
Екібастұз әкімдігі тұрғындарды жылусыз қалдырған монополистен 22 млн теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Екібастұз қаласы әкімінің «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-не келтірілген шығынды өндіру туралы талабы бойынша азаматтық істі қарады.
“Жауапкердің кінәсінен қалаға жылу беру тоқтатылып, тұрғындар мен мекемелер қыс кезеңінде жылусыз қалғаны анықталды. Салдарын жою және жылумен жабдықтауды қалпына келтіру үшін қалаға коммуналдық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыскерлері, оның ішінде еліміздің басқа өңірлерінен де жіберілді. Қала бюджетінен 22 171 000 теңге бөлінді. Көрсетілген сома апатты жоюға қатысқан жұмысшылардың тамақтануына, тұруына және жанар-жағармайға жұмсалды”, – делінген облыстық сот хабарламасында.