Бу арқылы жылытып жатырмыз: Екібастұздың қазіргі ахуалы

Oinet.kz 01-12-2022 524

Екібастұзда құбырларды жылыту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Screenshot_6.jpg

Нәтижесінде Мәшһүр Жүсіп көшесінің бойындағы 89, 91 және 93-ші үйлердің құбырларына жылу барды. Енді мамандар алдағы уақытта үйлерді жылыту жүйесіне қосуы тиіс. Осыған дейін 15 зақымданудың 14-і жойылып, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

«Қазір біз бу арқылы жылытып жатырмыз. Арнайы техникалар арқылы жылытып жатырмыз. Бүгін түнде, міне, Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі №91 үйдің құбырларына жылу жібердік, енді ары қарай жалғастырып жатырмыз», - деді жұмысшы Бауыржан Хабылқақұлы. 

Соңғы үш жылда 50 әскери қызметші суицид жасаған – Дана Нұржігіт
Елімізде жұмыссыз жүрген ер адамдар азайып, әйелдер көбейген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу