Екібастұзда 13 жасар бала бауырының еміне ақша жинау үшін маникюр жасап жүр

Oinet.kz 10-02-2020 1266

Екібастұзда тұратын 13 жасар жеткіншек маникюр жасайды. Оның жасаған жұмыстары Қазнет қолданушыларының таңданысын тудыруда. Баланың Instagram парақшасында бауырына көмектесу үшін ақша жинап жатқандығы айтылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

image.png

Баланың анасы Сания Рахимованың сөзінше, осындай қызмет үшін маманға қанша ақша төлейтінін білген ұлы маникюр курсына барғысы келетінін айтқан.

Санияның айтуынша, Арулат маникюрге бір-екі жыл бұрын әуестеніпті. Ол кезде жасы небәрі 11-де болған.

"Нұр-Сұлтанға оңалтуға бармақ болдым. Үйге қыз шақыртып, ол маған маникюр жасап берді. Ол жұмысын істеп отырған кезде ұлым жанымда отырып, бақылады. Жұмысын аяқтаған соң оған ақысын төледім. Бірақ нақты қанша бергенімді білмеймін, 3 мынан көбірек сияқты. Ұлым маған: "Анашым, мұндай ақшаны төлеп не керек? Мен өзім-ақ осылай жасай аламын. Үйреніп алсам болғаны" деді. Үнемі әдемі тырнақпен жүресің деп уәде берді", - дейді анасы.

Бастапқыда әйел мұны баласының бір сәтттік талпынысы деп ойлаған. Алайда Арулат айтқанынан қайтпапты.

Кішкентай баланы үйретуге көп адамның келіспегені біраз мәселе болған. Олар үйрететін маманды әзер тауып, сертифат алған.

Арулат алғашқы маникюрін анасына жасаған. Баласының талпынысын қолдаған келіншек қажетті құрал-жабдықтары үшін 200 мың теңге несие алған.

Бүгінде оған анасы күніне бір адамнан артық қабылдауға тыйым салады. Санияның айтуынша, бұл жұмыс емес, хобби. Оның ойынша, оқу мен демалыс бірінші орында болуы керек.

Айта кетсек, Арулат көпбалалы отбасынан шыққан. Сания Рахимова - бес баланың анасы.

2015 жылы олардың жанұясында қайғыылы жағдай орын алып, екі жасар ұлы үшінші қабаттан құлаған. Бүлдіршін басынан ауыр жарақат алған. Қазақстандық дәрігерлер балаға көмектесе алмайтындарын айтыпты. 3 жыл бұрын анасы Қырғызстаннан дәрігер тауып, оның ем-домы оң нәтиже берген.

Санияның айтуынша, ол ұлын Қырғызстанға шамамен жылына 4 рет апарады. Бір рет баруға 250 мың көлемінде ақша кетеді екен. Келіншектің сөзінше, ақшаны үнемі өз күштерімен тауып отыр. 13 жастағы Арулатта бауырының еміне қаржылай көмек көрсетуге бел байлаған.

Бір жыл ішінде оқушы 60 мың теңге тапқан. Сания бұл ақшаларды баланы дамуға ынталандыру үшін ұстап отырғанын айтты.


Ресейде Қытайдың бас консулы карантинге жатқызылды
Қордай ауданындағы тәртіпсіздік туралы айтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу