Ресейде Қытайдың бас консулы карантинге жатқызылды

Oinet.kz 08-02-2020 749

Қытайдың жаңа бас консулы Цой Шаочунь ресми кездесулер өткізу үшін Ресейдің Екатеринбург қаласына барды. Алайда, дипломат екі апталық карантинге жатқызылды.

Қытайдың бас консулы Ресейге 6 ақпанда барған. Ол бірқатар ресми кездесулер өткізуді жоспарлаған, алайда, оларды кейінге қалдыруға тура келді. Алдағы екі апта дипломат үйінде болады.

Сонымен қатар, 7 ақпанда Екатеринбургке келіп, "Бодрость" шипажайына карантинге жатқызылған 58 қытайлықтың жағдайы жақсы екені мәлім болды. Қытайдың тағы 70 азаматы Екатеринбург түбіндегі Богданович қаласының жатақханасына орналастырылған.

Дәрігерлердің мәліметінше, оқшауланғандардың ешқайсынан вирус анықталмаған.


Мемлекет басшысы Асқар Маминді қабылдады
Екібастұзда 13 жасар бала бауырының еміне ақша жинау үшін маникюр жасап жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу