Қордай ауданындағы тәртіпсіздік туралы айтылды

Oinet.kz 10-02-2020 1171

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаларға қатысты қылмыстық істер жайлы айтты. 

photo_63634.jpeg

"Бүгінде жаппай тәртіпсіздіктер, жаппай тәртіпсіздікке шақыру, адам өлтіру, бұзақылық, билік өкіліне күш қолдану, мүлікті бүлдіру, сондай-ақ қару жасау бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды", - деді Сортөбе ауылында өткен брифингте.

Оның айтуынша, Президенттің тапсырмасымен Бас прокуратура ведомствоаралық жедел-тергеу тобын құрды, олар қазір осы іспен айналысып жатыр.

"Ең басты міндет - ұйымдастырушыларды, бастаушыларды, арандатушыларды және кінәлілерді табу. Жұмыс нәтижесі бойынша біз сіздерге қосымша ақпарат береміз. БАҚ-та қаза болған адамдарға қатысты әртүрлі ақпарат бар. Бүгінде 10 адам қаза тапты. Арнайы ведомствоаралық комиссия құрылды, ақпаратты кез келген уақытта сізге беретін боламыз. Ведомствоаралық комиссияның ресми ақпаратын негізге алу керек", - деді Бердібек Сапарбаев.

Бұған дейін Масанчи ауылындағы тәртіпсіздікте қаза тапқан 8 адамның тізімі жарияланған еді.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келген.

Екібастұзда 13 жасар бала бауырының еміне ақша жинау үшін маникюр жасап жүр
Депутаттарды ояту үшін не істеу керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу