Қай орынға отырар едіңіз? (психологиялық тест)

Oinet.kz 01-02-2020 1747

image.png

1. Шоу жұлдызы

Сіз тумысыңздан шоуменсіз. Өзгелерге   сізді басқаруға жол бермейсіз. Өмір бір-ақ рет берілетіндіктен, қалауыңыз бойынша өмір сүруді қалайсыз. Арманыңа жету қаншалықты маңызды екенідігін білесіз, араласуға келмейтін   адамдарға уақыт бөлудің қажеті жоқ екендігін білесіз.  Соған қарамастан, көпшіл, ақкөңіл жансыз. Сіз жай ғана өзгелердің сіздің басыңызға шығып алуына рұқсат бермейсіз. Біз әлемде сіз сияқты шынайы өмір сүре алатын жандар барына  қуанамыз. Сондықтан, сіз өз-өзіңізбен мақатана аласыз!

2. Жалғыз қасқыр

Сіз интровертсіз! Көпшілік ортаны ұнатпайсыз, сізге  ешкім кедергі келтірмегенін қалайсыз, тыныш өмір сүруді сүйесіз. Сізге барлығын өздігінен жасаған ұнайды, тіпті, оқып, тәжірибе жинау да. Сіз үнемі бірнәрсе жасап көріп, өзіңізге жаңа мүмкіндіктер ашқанды жөн санайсыз. Расымен сіз көпшілік ортаны жақсы көресіз. Сондай-ақ, өзгелерге де сізді тыңдап, сізбен уақыт өткізу ұнайды. Кейде  адамдар сізді  жалықтырып жібереді, сондықтан, сізге олармен күнде араласқыңыз келмейді.  

3. Еркін ойшыл жан

Сіз  тәуелсіз жансыз. Бала кезіңізден сіз осы қалыптасыз. Өз басыңызды алып жүре аласыз, сізді не бақытты ететінін білесіз және өзгелермен бірдей болып жүру сізге ұнамайды. Басқалардың сіз жайлы не ойлайтыны сізді алаңдатпайды. Ал сіз әлі де жоғары деңгейге жете алатыныңызға күдігіміз жоқ.

4. Манипулятор 
О, сіз адамның сезімімен ойнағанды ұнатасыз. Оны ашуландырып, жұбатып, қайта ашуландыру. Жүйкесінің шегі қай жерде екенін білу сізге - сізге рахат сыйлайды. Иә, сіз өте сақсыз. Артық сөйлеу, жаман көріну деген бойыңыздан табылмайды. Үнемі әліптің артын баққыңыз келеді. Жауыңыз жоқ, досыңыз аз.

Несие біздің заманымызға дейінгі дәуірде пайда болған
Атақты адамдардың өлер алдында айтқан сөздері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу