Атақты адамдардың өлер алдында айтқан сөздері
1. Тағдыр Оскар Уайльдқа қатал өлім сыйлады. Ол өмірінің соңғы сәттерінде нәр татпастан, жұпыны бөлмеде жалғыздықта өткерді. Жазушының бұл өлімі оның өмірге деген көзқарасын мүлде өзгерте алмады. Ол өз өмірін мына фразамен аяқтады: «Керемет таңдалып алынған түс. Бір күндері бәрімізге сонда баруға тура келеді».
2. Мария Антуанетта ханшайым өлімін қарсы алар сәтте бағананы аяғымен итеріп жіберіп, былай деді: «Кешіріңіз мырза мен мұны әдейі жасадым».
3. Ұлы патшайым Елизавета Петровна өлім сәтін айналасын қоршаған дәрігерлермен бірге қарсы алды. Ол өлер алдында кереуетінен түрегеліп: «Мен әлі тірімін бе?», - деген. Сол сәттегі оны қоршаған адамдардың таңданысын жеткізу мүмкін болмаған. Тіпті, дәрігерлердің өзі оның өлім сәтін есіне түсіріп те үлгермеген.
4. Атақты драматург Юджин О’ Нил өлімін қонақ үйде қарсы алды: «Біліп едім! Біліп едім! Қонақ үйде туылып едім, қарғыс атқыр, міне, қонақ үйде о дүниеге аттанып барамын».
5. Ұрлықпен айналысты деген айып тағылған атақты биші Мата Хари өлер алдында өзінің сұлу әйел қалпын сақтап, сот үкімін орындаушыларға: «Мен өлімге дайынмын балалар», - деді.
6. Әйгілі Англиялық жазушы Сомерсет Моэм айналасындағы адамдарға мынадай өсиет қалдырып кетті: «Өлім өте көңілсіз және қайғылы нәрсе. Сіздерге берер кеңесім – ешқашан онымен айналыспаңыздар».
7. «Бәріне өлім тағайындалған, бірақ маған келгенде бәрі басқаша болады деп ойладым». Атақты америкалық драматург және прозашы Уильям Сароян өмірінің соңын осылай қорытындылаған.
8. Әйгілі ағылшын хирургі Джозеф Грин өлер алдында тамырын өлшеп: «Пульс жоғалды», - деп мәңгілік мекеніне аттанған.
9. «Егер бұл өлім болса, мен оған разы емеспін» - белгілі ағылшын сыншысы Литтон Стрейчи өмірін осылай қорытындылаған.
10. Орыс жазушысы Салтыков Щедрин өз өлімімен бетпе бет келген тұста, оған сатиралық сұрақ қойған: «Бұл сен бе ақымақ?».