Жылқы иісі...
04-11-2023
Сіз қай жылы дүниеге келдіңіз?
1. Тышқан жылы туылғандар
Олар үсті-басын таза ұстап, сақ жүреді. Думан-той, ырду-дырдудан бойын аулақ салуға тырысады. Мінезі – тәкаппар, сәл нәр-сеге өкпелегіш.
2. Сиыр жылы туылғандар
Ұстамды келеді. Туғантуыстарының, өзінің қай-ғысына қатты күйзеліп, кім-ге болсын көмегін аямай- ды. Кейде бұл қылығы өзіне зиянын тигізеді. Адамдар бұлардың жақсылығын тез ұмытады, алайда қиыс басса, оған түсіністікпен қа-райды.
3. Барыс жылы туылғандар
Қызба мінезді, ашулан-шақ, басқаға билік жүр-гізгенді ұнатады, ешнәр-сеге көңілі толмайды, бір істі қолға алса, бөгет болған адамдарды ұнатпайды, оларды беттен алып, рен-жітіп тастайды.
4. Қоян жылы туылғандар
Қорқақ. Кез-келген нәр-седен үрейленеді, сыр сақ-тауға олақ. Маңызды істе өз бетінше шешім қабылдай алмайды. Қашанда көңіл-күйіне қарай әрекет ететін жан.
5. Ұлу жылы туылғандар
Тұйық мінезді, барынша қарапайым көрінуге тыры-сатын, байсалды, құпияны сақтай білетін, көбінесе үн-сіз жүруді ұнататын адам. Оның қолынан үлкен істерді атқару келеді, қай істі де өз ақылымен, оңаша шешуге ұмтылады.
6. Жылан жылы туылғандар
Сырт көзге ұяң, маңыз-ды істерден қашқақтап жүреді. Қойылған сауалға нақты жауап қайтармайды. Тайсақтап жауап береді. Басына пәле болып жабы-сатын нәрсе – тілі. Шамы-на тисе, ұяңдығын қойып, шынайы мінез-құлқын көрсетеді. Жаныңды жаралап алғың келмесе жыландар-дан аулақ жүр.
7. Жылқы жылы туылғандар
Олар – «жұмыс аты» сияқты. Жұмыстан ешқашан да жалықпай, таңертеңнен кешке дейін бір тыным тап-пайды. Әйтеуір, күні бойы ты-пырлап, мазасыз күй кешеді.
8. Қой жылы туылғандар
Сәл нәрсеге ашуланады, қисайған бетінен қайтпайды. Сондай сәттерде өзіне де, жанында жүргендерге де қа-уіпті. Өзін жарға жығатын мінезі – шешімді тым асығыс қабылдайтындығы.
9. Мешін жылы туылғандар
Олар - өзіне-өзі ғашық жан-дар. Сәнқой, ырду-дырдуы көп көңілді бас қосуларды ұнатады. Өзін өзгелерден ар-тық санайды.
10. Тауық жылы туылғандар
«Үйкүшік». Үй-үйелменіне қамқор болып, кез-келген адаммен тез тіл табысады, отбасында адал. Ақыл-ойы бір басына жетерлік.
11. Ит жылы туылғандар
Мінезі сөзшең, талас-тартыс, дау-дамайға лезде араласып кетеді. Оны өзі де білмей қалады. Алайда еш-кімге7 зияны жоқ.
12. Доңыз жылы туылғандар
Оңаша, табиғат аясында, бау-бақшада еңбек еткенді, көңілді кештерге қатысқан-ды ұнатады. Көп нәрсеге ба-сын қатырмайды, ол жөнінде көп ойланбайды. Отбасында бала-шағасы көп болады.