Несие біздің заманымызға дейінгі дәуірде пайда болған
Бүгінгі қоғамның басты мәселесіне айналған «кредит» біздің дәуірімізден бұрын пайда болған. Алғашқы несиелер біздің заманымызға дейін де берілген. Вавилон патшасы Хаммурапидің заңында мынадай сөздер бар: жағдайы нашар борышкер ақшаның орнына өзінің қызын немесе ұлын құлдыққа бере алады. Олар үш жыл бойы құлдықта жүріп, қарызы өтелген соң босатылған. Әлем тарихында «мәңгілік борышкер» ретінде танылған адам бар. Ол атақты француз жазушысы Александр Дюма. 1852 жылы 53 несие берушінің талаптары қабылданып, жалпы қарызының көлемі 107 мың франкті құраған. Оған қарсы жаза қолданылар тұста Дюма Брюссельге қашып кеткен. Александр Дюма ақшасын қалағанынша шашып, шалқып жүретін өмірді ұнатқан. Тіпті, ақшаны өзіне ғана емес достарына да таратып беретін, жомарт жан болған. Ол бір сөзінде: «Мен өзгелерге ақша беруден қашқан емеспін. Жәй ғана маған қарыз берушілер ерекше адамдар», - деген.