Тұзды неге сатып алғызды?
Ертеде бір хан аң аулауға шығады. Нөкерлері ханның құрметіне үлкенірек бір жылқы сойғызып, ет аады. Сорпасына тұз қосатын кезде тұз алмағандарын көреді. Жақын маңайдағы ауылға тұз алу үшін біреуді жіберу қажет болады. Мұны естіген хан: "Тұздың ақшасын беріп кетіңдер, ақысыз-пұлсыз зат алу әдетке айналмасын!" - дейді. "Алатынымыз бір-ақ уыс тұз, несіне сатып аламыз?" - деп сұрайды нөкерлері.
Сонда би: "Әлемдегі зорлық-зомбылықтың бәрі кішкентай нәрседен басталған. Уақыт өте келген-кеткен адамдар оны үлкейтті. Осылай озбырлық бүгінгі дәрежеге жетті" деген тоқтамын айтыпты.
Халықтың бақшасынан хан бір алма жесе, нөкерлері ағашты түп-тамырымен жұлып алады. Хан бес жұмыртқаны тегін алуға көз жұма қараса, сарбаздары мың тауықтың көзін жояды.
"Жетілудің жеті жолы" кітабынан