Тұңғыш Метрополитен Лондонға ашылған

Oinet.kz 28-01-2020 1029

fsubway.jpeg

Кез-келген заманауи мегаполисті метросыз елестету мүмкін емес. Үлкен қалаларда маңызды транспорттардың біріне айналған метро ең алғаш рет Лондонда пайда болған. ХІХ ғасырдың ортасында Лондон халқының саны екі миллионға жеткендіктен олардың бір қаладан екінші қалаға ауысуы оңайға соқпады. Халық үшін тиімді тұсын ойлаған ағылшын билігі 1855 жылы Метрополитен Теміржол желісінің құрылысын бастады. Үлкен метрополитен ағылшын астанасының ажарын аша түсті. Метро жолының жалпы ұзындығы 3600 метрді құрап, оған жеті станция кірді. Аталмыш метроның ашылуы 1863 жылы 10 қаңтарда өтті. Мұндай ерекше көлік қозғалысын Ұлыбританияның болашақ королі, Уельс ханзадасы, VII Эдвард ашып, метроның алғашқы жолаушысы болды.

Метрополитен Лондонның көркін ашып, көршілес аймақтармен еркін транспортқа жол ашты. Жолаушылар метроны өздерінің тиімді саяхатына пайдаланды. Алғаш ашылған күні жерасты жолы көлігінің қызметін 30 мыңға жуық жолаушы пайдаланды. Алғашқы жылы 9 миллион адам тасымалданса, келесі жылы 12 миллион адам метроны пайдаланған.

Қазіргі таңда, Лондонды өзге аумақтармен байланыстыратын 12 метро желісі жұмыс жасайды. Күніне 3 миллионға жуық жолаушы метроны пайдаланса, жылына миллиард адам метро көмегіне жүгінеді екен.

 


Тұзды неге сатып алғызды?
Көзі тірісінде көрін қазған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу