Көзі тірісінде көрін қазған
Көзі тірісінде көрін қазып қойған кім бар? Беларан деген жердегі анда-санда адам аяғы баратын, тікұшақ болмаса көлікпен жете алмайтын жерде жазушының бос қабірі жатыр...
Жұрттың бәрі атақ-даңққа ұмтылып, дәреже мен мәртебе үшін ғұмырының көп бөлігін тәрк етіп жатқанда Ұлы Отан соғысы кезінде алған екі, кейін шығармашылық қайраткерлігі үшін алған үш ордені мен партбилетін ортасынан қақ бөліп, қоқысқа апарып, тастай салған кім бар?
Бұл да жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың өз құпиясы.
"Махаббатқа сенуге көмектесіңізші" кітабынан алынды