Лондондағы зәулім сарайына қатысты сотта Дариға Назарбаева жеңіп шықты
Өткен жылы көктемде Ұлыбританияның құқық қорғау органдарының (NCA) өтініші бойынша ең қымбат көшелердің бірі Бишоп даңғылындағы жеке кинотеатры және жер асты бассейні бар жекежаймен, беделді Хайтгейт ауданындағы үй және Челсидегі үлкен пәтер қамауға алынды.
Жылжымайтын мүліктердің жалпы құны 80 миллион фунт стерлингге немесе 104 миллион АҚШ долларынан астам сомаға бағаланады. Құжаттарға сәйкес, жылжымайтын мүлік оффшорларда тіркелген екі компанияның иелігінде. Алайда, NCA мәліметтері бойынша, үйде 35 жастағы Алиев, оның жұбайы Аида және балалары тұрады.
Ұлыбритания құқық қорғау органдары олардан үйді қандай ақшаға алғанын түсіндіруді талап еткен еді. Лондон жоғарғы соты үш ордердің де күшін жойған. Судья Джастис Лангтің сотта келтірілген дәлелдерге көңілі толмаған. Ұлыбританияның қылмыспен күрес жөніндегі агенттігі Лондондағы екі зәулім үй мен пәтер Дариға Назарбаеваның бұрынғы күйеуі, Нұрәлінің әкесі марқұм Рахат Әлиевтің заңсыз ақшасына сатып алынғанын дәлелдеуге тырысқан. Офшор компаниясын Рахат Әлиев ашты және мүлік сол компанияға тиесілі деген деректің растығына судья Лангтің көзі жетпеген.
Сот шешімінде мүліктің "экономика жағынан тәуелсіз" Дариға Назарбаеваға тиесілі болуы мүмкін екені айтылған. Reuters агенттігі Дариға Назарбаева мен Нұрәлі Әлиев өкілдерінің сөзінен үзінді келтірген. Сотта Назарбаеваның мүддесін қорғаған өкіл "Назарбаева толық ақталды" және "өз атына кір келтірмес үшін оның қатаң процедуралармен күресуіне тура келді" деп айтқан.