Сотбис - ең көне аукцион үйі

Oinet.kz 28-01-2020 925

unnamed (2).jpg

Сотбис – 1744 жылдың 11 наурызында ашылған ең көне аукцион үйлерінің бірі. Оның алғашқы қожайыны лондондық қарапайым кітап сатушы Сэмюэль Бейкер болды. Бүгінде, «Сотбис» және «Кристи» атты екі аукцион үйі әлемдік дәрежеде көшбастап тұрған антиквариаттар. Олардың бақталастығы, бірін бірі басып озуға деген ниеттері аукцион саудасын қыздырып келеді. Ежелгі бұйымдарды басты тауар көзіне айналдырған олардың әр сатылымнан жиған қаржылары 90 пайызды құрайды.

 Бейкер тұңғыш өткізген аукционында сатылымға сирек кездесетін кітаптардың тізімін шығарды. Англиядағы библиофилдер мен ірі кітапхана иелері Бейкердің аукционына қатысу үшін Лондонға қарай ағылды.

Аукцион үйінің атауы Бейкердің жиені Джон Сотбистің құрметіне аталды. 1778 жылы Сэмюэль Бейкер қайтыс болғаннан кейін Джон Сотбис компанияның негізгі қожайынына айналды. Бұрын кітапты басты сатылым тауары ретінде қолданған олар, ендігі кезекте монеталар, суреттер және сирек кездесетін заттарды сатумен айналысты. Бүгінде, Сотбис компаниясының жылдық айналымы миллиардтаған долларды құрайды.

Өз тарихын төменнен бастаған Сотбис компаниясы жиырмасыншы ғасырдың сексенінші жылдары құлдыраудың алдында тұрды. Бұл компанияны америкалық кәсіпкер Альфред Таубман сатып алып, сақтап қалды. Араға жылдар салып компанияның жаңа иесі жағымсыз жағдайға тап болып, тоғыз айын түрмеде өткізді. Оны «Кристи» компаниясына қарсы әрекет етті деп айыптады. Кейін бұл мәселе өзара шешімін тапты. 2019 жылдың маусымынан бастап «Сотбис» компаниясы француз миллиардері Патрик Драйға тиесілі болды.

Сотбисте сатылымға шығатын тауарлар міндетті түрде тексеруден өтіп отырады. Мысалы, 2011 жылы голландық суретші Франк Халстың «Белгісіз портреті» сатылады. Сатып алушы картина үшін 8,5 миллион фунт стерлинг төлейді. Бірнеше жылдардан соң қайта тексеруден өткен картина көшірме болып шығады. «Сотбис» өзінің қатесін мойындап ақшасын қайтарып берген.

2009 жылдың көктемінде Нтю Йорктағы Сотбис аукционында XVIII ғасырда Ресей патшайымы екінші Екатеринаға арналып жасалған үстел сатылымға шықты. Екінші Екатеринаның үстелі 250 000 долларға бағаланып, Ресейдегі «Царское село» мұражайына қойылды.

1858 жылы салынған әлемдегі Англия Шеффилд ең көне футбол клубының ойыншылары футбол ережелерін жазып, аукционға қойды. 880 мың фунтқа бағаланған ереженің сомасы толықтай жаңа стадионның жөндеу жұмыстарына кетті.

Бүгінгідей ғаламтор дамыған заманда аукцион үйінен барып қатысудың қажеті жоқ. Интернет қызметтері арқылы әлемнің кез келген бұрышынан өз затыңызды сатып алуға мүмкіншілігіңіз бар.

Қасқырды неге "ит-құс" дейді?
Тұзды неге сатып алғызды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу