Қазақстанның кенге бай жерлері онлайн-аукционда сатылмақ

Oinet.kz 03-12-2020 974

Еліміздің кенге бай он өлкесі онлайн аукционда сатылмақ. Елімізде Энергетика министрлігінің алғаш рет өткізгелі отырған онлайн-аукционында сатылатын жер аймақтарының басым бөлігі Атырау облысына тиесілі. Атап айтқанда, бұл жерлер: Сағыз, Қарабау, Забурын, Бегайдар, Дереш, Балқұдық, Бестерек, Үштаған, Қошалақ және Сарайшық учаскелері деп хабарлайды Oinet.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Жер сатылмақ.png

Бұдан бөлек, Ақтөбе мен БҚО-дан да аукционға қойылған жер учаскелері бар. Қазіргі күні 29 мың шаршы метр болатын жер аумағын алуға отыздан астам тұлға ниет білдіріпті. 

Айта кетейік, сауда-саттыққа қатысу үшін қол қою бонусы 20 миллион теңгеден басталады, ал жалпы мөлшері – 400 миллион теңге.   

Аталған аймақтар мұнай-газ кеніне бай деп есептеледі. Алайда онда қандай және қанша қордың бар екендігін жерді иелену құқығын иемденгендер зерттеп біле алады. Заңға сәйкес, егер пайдаланушы алған учаскесінен шикізат қорын тапса, ол бөлік мемлекет теңгеріміне алынып, иесіне оны өндіруде басым құқық беріледі. Барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар жұмыс түріне қарай 6 жылдан 25 жылға дейін беріледі.    

- Бұл шараның біздің көретін пайдамыз көп. Біріншіден, геология саласындағы дағдарысты қалпына келтіріп, дамытуға мүмкіндік туады. Екіншіден, қосымша салық, жаңа жұмыс орындары, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы ел экономикасына оң әсерін тигізеді, – дейді «Атамекен» ҚО ҰҚП ресми өкілі Асылбек Жәкиев.  

Аукционды өткізу мерзімі 23 желтоқсанға белгіленген. Өтініш 29 қарашаға дейін қабылданбақ. Айта кетейік, жер саудасына шетелдік азаматтар да қатыса алады.

Министрлік Надыровтың қайда жұмыс істейтіні туралы айтты
Қазақстандықтарға мемлекеттік туды балконға ілуге рұқсат берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу