Қазақстандықтарға мемлекеттік туды балконға ілуге рұқсат берілді

Oinet.kz 03-12-2020 963

Қазақстандықтарға патриоттық сезімдерін білдіру үшін еліміздің мемлекеттік туын ғимараттар мен балкондарда ілуге рұқсат етілді. Қаулыға премьер-министр Асқар Мамин қол қойды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

27 қарашада Үкімет 2007 жылдың 2 қазанында шығарған № 873 қаулысына өзгерістер енгізді.

4-тармақтың "Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын, мемлекеттік елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидалары" туралы бірінші бөлігі енді мынадай:

- Мемлекеттік туды жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үйлерде және тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана (орнатуы, орналастыруы) алады, - делінген қаулыда.

Қазақстанның кенге бай жерлері онлайн-аукционда сатылмақ
Түркістан: Нәзік жандылар – адал ұрпақты тәрбиелеуде айрықша маңызға ие
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу