Түркістан: Нәзік жандылар – адал ұрпақты тәрбиелеуде айрықша маңызға ие

Oinet.kz 03-12-2020 736

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – адалдқ алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Гүлзия Қарсыбай облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелерімен кездесу өткізіп, адалдық идеялогоиясын қалыптастыру мақсатында ағарту жұмыстарын жүргізді. 

image.png

Мақсатты жиынға Түркістан облысы және Шымкент қаласының «Әйелдер күштері  Альянсының төрайымы» Құралай Бекенова, облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Инара Намазбаева, сондай-ақ іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері қатысты. 

Әділдік аясында өрбіген кездесуде Г.Қарсыбай жыл басынан бері «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен атқарылған жұмыстар мен тұрмыстық жемқорлықты жоюға бағытталған бірқатар жобалардың жүзеге асырылу барысын баяндап, қоғамда парасаттылық құндылығының  қалыптасуы – ел ертеңінің іргетасы берік болып қалануына ықпал ететінін атап өтті.  

Сондай-ақ, үйдің шырағын жағып, адалдық қасиеттерін берік ұстанған парасатты отбасыны тәрбиелеу – нәзік жандылардың  негізгі міндеті екендігін алға тартып, олардың бүтіндей қоғамды тәрбиелеуге және сол арқылы адалдық атты асыл қасиетке айрықша басымдық беру қажеттігін жеткізді.       

Келелі кездесу соңында жиынға қатысушылар өзара пікір алмасып, талап-тілектері мен өз  ұсыныстарын ортаға салды. 

Қазақстандықтарға мемлекеттік туды балконға ілуге рұқсат берілді
Тоқаев Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарын қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу