Тоқаев Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарын қабылдады

Oinet.kz 03-12-2020 953

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға Президент Владимир Путиннің тапсырмасымен келген Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Дмитрий Козакты қабылдады.

Тоқаев.png

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік пен одақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ, еуразиялық интеграцияға, соның ішінде, жуырда өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына ерекше көңіл бөлінді.

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен одақтастық байланыстардың күн тәртібіндегі көп қырлы өзара іс-қимылдарды нығайтуға басымдық берудің маңызды екенін мәлімдеді. Екі ел Президенттері Әкімшіліктерінің арасында өзара іс-қимылдарды және байланыстарды дамыту жөнінде келісім жасалды.

Түркістан: Нәзік жандылар – адал ұрпақты тәрбиелеуде айрықша маңызға ие
Ұлтық банк қазақстандықтарға ескерту жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу