Ұлтық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Oinet.kz 03-12-2020 903

Ұлттық банк қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын айтты. Олар электронды хаттар мен телефон қоңыраулары арқылы ақша сұраса аудармау керек екенін ескертті, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Ұлттық Банк ақша.png

Ұлттық банк ақша таратып жатпағаны туралы айтқан. Бұл алаяқтардың хабарламасы екені белгілі болды. 

- Орталық банктер жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді. Ақшалай операцияларды жүзеге асырмайды. Қазақстан Ұлттық банкіндегі банктік есепшоттарды тек ҚҰБ, екінші деңгейлі банктер мен заңды тұлғалардың шектеулі сандық операцияларын есепке алу үшін ашуға болады. Сонымен қатар, біз Қазақстан Ұлттық банкі жеке тұлғалардың банкноталарын, монеталары мен құндылықтарын жинауды жүзеге асырмайтынын хабарлаймыз, - деп хабарлайды баспасөз қызметі. 

Ақша қаражатын жіберуді сұраған күдікті хаттар келген кезде құқық қорғау органдарына хабарласуыңыз керек.

Тоқаев Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарын қабылдады
Анасынан айырылған ақтөбелік төрт бала элиталы үйге кірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу