Қасқырды неге "ит-құс" дейді?

Oinet.kz 01-02-2020 2699

Қазақ қасқырды көктемдегі ұйыққан (ұрықтанатын кезі) кезінде атпайды, тиіспейді. Егер жұптасқанның бірін атса, екіншісі мал-жанды қырып кетеді. Тіптен адамға да тиіседі. Өте кекшіл.

Образец_волка.jpg

"Қасқыр" деп айтса, өршеленіп кетеді деп, "малға ит-құс шапты" дейді.

"Ит-құс түйені жемейді" деуші еді. Бірақ бота, тайлағын жеп кеткен кездер болды.

Әдетте айғыр өз үйіріндегі құлын мен жабағыны қасқырға бермейді. Алайда жайылымда шетке шыққанын аңдып жүріп, іліп кететін кездері болады.

Қазақта ит-құс деген сөздің бары анық. Итке қаратылып айтылғаны да анық, құсқа қаратылып айтылғаны да анық. Амандық-саулықтан соң қыр қазағы «Ит-құстан амансыңдар ма?» деп жөн сұ­расады. Қазіргі жұрт мұны «Қасқырдан аман­сыңдар ма?» деп түсінеді.

Шынымен, солай ма?

Қазақ әпсанасында италақаз екі жұмыртқа тас­тайды. Соның бірін құмай, екіншісін тазы басады. Құмайдың басқаны – ит те, тазының басқаны не ит емес, не құс емес. Құмай басқаны – құмайтазы да, тазы басқаны – итқұс. Құмаймен аң қағады. Итқұсқа бөккен дуадақ, саңырауқұр сынды құстарды іл­діреді. Ертеде емдік мақсатта итқұспен кептер де аулаған.

Бұған қарап бабаларымыздың құс ілген итті жақтырмағанын көреміз. Өз ісімен шұғылданбады деп иттің басын кемсітетінін байқаймыз. Пәле-жала осындай шатасулардан деп түсінген.

«Ит-құстан амансыңдар маның» мағынасы енді түсінікті болар.

Ең үлкен цунами орын алған елдер
Сотбис - ең көне аукцион үйі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу