Ең үлкен цунами орын алған елдер
Цунами – жолында кезіккен нәрселерді жойып жіберетін апатты құбылыс. Ол сейсмикалық белсенділік пен мұхит суының шайқалу нәтижесінде пайда болатын толқынды күш. Оның негізгі себебі – су астындағы жер сілкіністерінің пайда болуы. Су жағаға жақындаған сәтте толқындар қатары көбейіп, ондаған метрге көтеріліп, миллиондаған судың жиынтығы жағалаудағы күллі жаратылысты өзімен бірге ала кетеді.
Жерорта теңізі (365 жыл)
Жерорта теңізінде осыдан 365 жыл бұрын орын алған цунамидің сыры әлі күнге дейін ашылмай келеді. Тіпті, ол туралы деректер мен зерттемелер де жоқ. Сондықтан, апатты оқиғадан зардап шеккендердің, қайтыс болғандардың санын анықтау мүмкін болмай келеді. Зерттеушілердің дерегіне сүйенсек аталмыш табиғи құбылыстан қаза болғандардың саны шамамен 50 мың адамды құраған. Бұл оқиға туралы Рим тарихшысы Аммиан Марселлинус былай дейді: «Цунамидің салдарынан теңіз бетінде жүзіп келе жатқан қайықтар үйлердің төбесінен бір-ақ шықты. Алпауыт толқын жер бетінен үш шақырым биіктікке көтерілді». Тарихта ең үлкен цунами ретінде танылған мұндай оқиға бес мың жылда бір қайталанатын құбылыс.
Кракатау
1883 жылы орын алған цунамидің негізі себебі Индонезияда орналасқан Кракатау жанартауының атқылауы. Үнді мұхитында орын алған сейсмикалық белсенділік нәтижесінде пайда болған құбылыс айналасындағы заттарды жойып жіберген. Осы бір қиын сәтте жағалауды мекен еткен тұрғындарды құтқару мүмкіндігі болмады. Бұл жерді мекен еткен тұрғындар цунами басылғаннан кейін Оңтүстік Африкадағы мұхиттың жағалауынан табылды. Орын алған цунами салдарынан 35 мыңнан астам адам қайтыс болған.
Чили (1960)
Чилиде 9,5 баллмен орын алған жер сілкінісінің салдарынан 25 метр биіктіктегі цунами пайда болды. Апат салдарынан 6 мың адам құрбан болды. Сонымен қатар, Жапонияға жеткен цунами Гаваий аралдарына өтіп, ондағы 61 адамның өмірін қиып түскен.
Үнді мұхиты (2004)
2004 жылғы 26 желтоқсан Мьянма, Таиланд, Малайзия және Үнді мұхитын мекен еткен бірнеше елдер үшін қанмен жазылған күн болып есептелді. Ауқымды цунами салдарынан 280 мың адам о дүниеге аттанды. Ал, бейресми деректерге сүйенсек олардың жалпы саны 700 мың адамды құраған. Су астында орын алған 30 минуттық толқын 15 минут ішінде бірнеше елдің жағалауларын қиратып кеткен.
Жапония (2010)
9 балдық жер сілкінісінің салдарынан пайда болған толқынды цунамидің көлемі 40 метрді құраған. Массасы жоғары су толқындарының кемелерді, көліктерді және жағалау маңында орналасқан құрылыс нысандарын қиратып жатқанын көрген халық оған қорқынышпен қарады. Апат саны 25 мың адамға жетті, оның ішінде ең сорақысы Фукусима атом электр станциясының зақымдануы. Бүгінде, атом электр станциясы радиациясының зақымдануы жаһандық мәселелердің біріне айналып отыр.