Олимпиадаға келмей-ақ қойыңыздар
Пандемияға байланысты Жапония олимпиадаға келетін қонақтардың санын екі есеге қысқартуды жоспарлап отыр.
Алдын ала болжам бойынша Токиоға шетелден 90 мың адам келеді. Оның 30 мыңы спортшылар. Қалғандары спортшыларға қызмет көрсетушілер. Олимпиаданы ұйымдастырушылар енді олардың тең жартысын қысқартуға кірісті. Спортшылардың жаттығуына тікелей қатысы жоқ адамдарға олимпиадаға келмеу туралы кеңес берілмек.
Бұған дейін белгілі болғандай, індеттің күшеюіне байланысты олимпиада шетелдік жанкүйерлерсіз өтеді. Олимпиадаға билет алып қойған шетеліктердің шығындары өтеледі.