Қасқырша ұлыған әке
Ертеректе бір тақуа кісі үйіне келгенде баласының мұңайып отырғанын көріп, баласынан неге мұңайып отырғанын сұрайды. Сонда баласы:
– Ешнәрсе емес, деп іштегі мұңын айтпайды.
Кейін әкесі босағада ілулі тұрған қасқыр терісінен тігілген ішікті киіп алып далаға шығып кетеді. Әкесінің әрекетіне таң қалған баласы, терезеден сыртқа қарайды. Сонда әкесі қолдарын аузына жақындатып, қасқырша ұли бастайды. Мұны көрген баласы әкесінің бұл әрекетіне күле бастайды. Тақуа кісі де баласына,
– «Көрдің бе, балам! Қасқыр негізінде қорқынышты хайуан. Бірақ сен қорықпадың, қайта күлдің. Неге? Себебі қасқырдың терісін жамылып тұрған әкең екенін білдің. Сол секілді дүниедегі қиыншылықтар да осы іспетті. Барлық қиыншылықтардың (сынақтың) артында әлемдердің жаратушысы Алла Тағала бар екенін білгейсің және Оған сен. Басыңа келген қандай да бір қиыншылықтың себебінен дүниеден еш түңілме, Раббыңнан үмітіңді үзбе!» деп тәлім берген екен.