Фаст-фуд жейтін «алаяқ» дәрігерлер туралы естігенсіз бе?

Oinet.kz 02-01-2020 919

Screenshot_11.jpg

Фаст-фудттың заманауи индустриясы 1921 жылы ашылған Американың White Castle компаниясынан бастау алады. Алғашқыда компания аспаздарының дайындаған гамбургері қазіргідей жұртты өзіне үйіріп әкете алған жоқ. «Томпақ нандар» елдің көзінше дайындалса да, таңсық асқа кәрі құрлықтықтың тұрғындары күмәнмен қарады. Саудасы жүрмеген кәсіпкер өнімге мықты жарнаманың қажет екенін түсініп, мынадай қулыққа көшеді. Күнара гамбургер дүңгіршегінің алдына ақ халат киген медицина мамандары да кезекке тұра бастады. Жұрт жеңіл асты дәрігерлердің де сүйсініп жейтініне көздері жете бастады. Денсаулықтарына аса мән беріп, ненің зиян, ненің пайдалы екенін білетін мамандар гамбургерді жесе, демек, оның ағзаға ешқандай зияны болмағаны. Міне, асқазанда қорытылыуы қиын асты сатып алушыларда осындай ой қалыптасты. Осыдан кейін фаст-фудқа құмарлар көбейіп шыға келді. Ия, компания жалпақ жұрттан айласын асырды. Қалай дейсіз ғой? Кезекте тұрған  ақ халаттылар шын мәнісінде ешқандай дәрігерлер емес. Олар тек кәсіпкердің жалдаған «әртістері» еді. 

Ұлыбританияда дәрігерлерге еріктілер көмектеседі
Табиғаттағы хирургтар кімдер?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу