Табиғаттағы хирургтар кімдер?

Oinet.kz 02-01-2020 730

Screenshot_12.jpg

Етке құмар шыбынның дернәсілі – құрттар балық аулауға таптырмас жем. Кейбір адамдар жыбырлаған құртты үйінде арнайы өсіретін көрінеді. Адамның жиіркеніш сезімін тудыратын жәндіктер іріңді жараны керемет емдейді екен. 

XIX ғасырда Ұлыбртанияның әскери дәрігерлері жаралы сарбаздарды емдеу үшін осындай құрттарды пайдаланған. Олар іріңді жараның бетіне құрттарды қойып, біраз уақыт терінің қатаюын күткен. Ал бұл уақыттың ішінде құрттар өлі клеткалармен қоректеніп, теріні құрғатып қояды. Содан кейін хирургтар тойып алған құрттар сыртқа шығарып, жараның орнын тіккен. Ал француздық дәрігерлер жараланған пацинеттерге терінің іріңдеген бөлігін хирургиялық жолмен тазалау немесе «табиғи хирургтар» – құрттармен емдеуге таңдау жасауды ұсынады екен. Егер науқас жәндікпен емдеуге келіссе, 14 күнде құлан таза айығып шығады. 

Фаст-фуд жейтін «алаяқ» дәрігерлер туралы естігенсіз бе?
Сүйек пластинка туралы естігенсіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу