«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Пайғамбарлықпен патшалықты қатар алып жүрген Дәуіт ғалиссалам заманында әділ патша болыпты. Жұпыны киініп үнемі ел аралап жүреді екен.
Халықтың ахуалын біліп, жұрттың патша жайында пікірін ескеретін болыпты. Халықтың арыз-шағымын есітіп реті келгенде өгізді өлтірмей, арбаны сындырмай тігісін жатқызып шешім шығарады екен.
Халықтың патша жайындағы жақсы пікірі Дәуіт ғалиссаламның көңілін марқайтатын болыпты. Халық айтса қалт айтпайды деген, бағытым дұрыс екен, бойымда мінім болса Алланың өзі ескертер деп дұға жасайды екен.
Бірде кезекті ел аралап жүрсе базарда өте сұлу келбеттіне көркі сай жас жігітке көзі түседі. Ол Алла тағаланың пәрменімен түскен адам кейпіндегі періште еді.
-Айтшы жас жігіт сендердің патшаларың әділ патша ма?-дейді Дәуіт ғалиссалам.
-Иә әділ патша-дейді әлгі жас жігіт.
-Бойында міні бар ма?-дейді.
-Міні жоқ.
-Бірақ бір айыбы бар, - дейді бәсең дауыспен.
-Ол қандай айып, -д еп Дәуіт ғалиссалам шошып кетеді.
-Дәуіт патша өзінің тамағын халықтың қазынасынан жейді -деген екен.
-Мінім жоқ болар бойымда-деп тоқмейілсіп жүрген Дәуіт ғалиссаламның өңі қуарып кетті дейді бірден.
Сарайына келе салысымен екі бас нәпіл намазын оқып Аллаға жалбарынды дейді.
“ Ей құдіреті күшті Раббым! Сен әуелгісің, сен ақырғысың! Сен тумағансың, сен туылмағансың! Сен он сегіз мың ғаламның Иесісің! Сен Патшалардың Патшасысың Серігі жоқ Раббым!
Ақіреттің азабы ауыр. Таразысы әділ. Сенің мейірімің мамықтай жұмсақ болғанымен, қаһарың қатты. Тамағымды халықтың қазынасынан жеп тозақтың отыны болғым келмейді. Себебі сен бізді жоқтан бар қылдың. Талқанымыз таусылған күні өзіңнің алдыңа қайта оралатынымыз да хақ емес пе?
Асымды адалынан табайын маған нанымды өз қолыммен табатын кәсіп үйрет-деп дұға қылды, - дейді. Алла сүйген құлының дұғасын қабыл етіп Дәуіт ғалиссаламға темір ұсталығын дарытыпты. Темір Дәуіт ғалиссаламның қолында балқып ериді екен. Пышақ, қайшы, қасық сынды халық тұтынатын бұйымдарды қолдан соғып әділ патша асын адалынан жеген екен.
Ел ішінде "Темірдің Пірі Дәуіт" - дегенде аңыз бар. Реті келсе асымызды адалдан тапқанға не жетсін ағайын.
Мақсат Сқақов