Вокзалдағы қайыршының тағдыры елді жылатты

Oinet.kz 26-08-2022 1970

Screenshot_9.jpg

- Көке кетпеші! Айналайын көке, тастамашы бізді! Әкешім, енді маған да, Алешаға да ештеңе сатып әпермей-ақ қой. Тек бізбен тұрсаң болды. Ешқандай мәшіненің де, кәмпиттің де керегі жоқ. Ешқандай сыйлық керек емес! Тек бізбен бірге болсаң болды!-деп айқайлап жатты, әкесінің аяғына жабысып алған алты жасар Глеб. Осы кезде бөлмеде аналары еңіреп жылап жатты. Оның бұл уақытта орнынан тұрып шығып кетуге шамасы болмады. Ал 14 жасар Леша бұл кезде жұдырықтарын жұмып тұр еді. Оның әкесіне деген махаббаты жек көрінішпен күресіп жатты. Ал Глеб әлі кішкентай, ештеңені түсінбейді. Ал Леша анасының қайтіп қиналғанын көрді, бәрін түсінеді. Бір күн бұрын анасының тізерлеп тұрып , әкесіне кетпе, қал, деп жалынғанын есіне алды.  Ең болмаса Глеб сәл өскенше кідіре тұр, деп жалынды. Бірақ ол жалбарынғанға көнбеді.

- Тоқтат! Тұр былай! Кемсітпе өзіңді, естіп тұрсың ба? Керек емессің сен оған, Мен де керек емеспін. Ешқайсымыз керек емеспіз оған. Кетсін бар! 

Леша жүгіріп кеп, інісін жұлқылап, құшақтап тұрған әкесінің аяғынан ажырата бастады.

- Балам неге олай істейсің? Мен сендерге келіп, көмектесіп тұрамын. Тек басқа жерде тұратын боламын. Бірақ мен сендерді жек көремін деген сөз емес. Біз осылай шештік,-деп бастады әкесі.

- Кім олай шешіпті? Сен өзің шығар, солай шешкен! Мені түк естімеді деп отырсың ба? Апам саған кетпеші деп әбден жалынды ғой. Тұр ғой ол әне және біз! Біз отбасымыз ғой. Ал сен басқа бір әйелге кетіп барасың! Ол саған бізден қымбат па? Леша бар күшін сап, жылап жібере жаздап тұр. Егер осы кезде әкесі оны құшақтап, сөмкесін жерге қойып, мен әншейін қателесіп тұрмын десе ғой, ол сол кезде... Ол әкесінің мойнына жабысып алар еді. Сосын мына әңгіменің бәрін ұмытар еді. Сосын әрине кешірер еді. Себебі бұл көкесі ғой. Ол бұған мәшинені қалай жөндеуді үйрететін, шортан аулауға жанына ертетін, бірге футбол ойнайтын, ұйықтар алдында кітап оқып беруші еді. Қалай ол осының бәрін ұмытып, мұның бәрін өмірінен сызып тастай салмақ? Бұларды? Не үшін? Глеб жарылып кете жаздап жылап тұр. Шешесі еңіреп ол жатыр. Әкесі олардың бәріне бір қарап алды да, басын мойнына тығып кетіп қалды. Артынан, қанша жерге дейін: «Әкешім, кетпеші!»-деген сөздер естіліп жатты. Содан бастап өмір өзгерді. Алексей әкесін жек көріп кетті. Ол онымен кездескісі келмеді, сыйлық әкеле қалса кері лақтыратын. Ал Глеб оны күтіп отыратын. Кейде есік артына тығылып тұрады, кейде балконда алысқа қарап отыратын. Әкесі келіп балаларын қыдыртуға сұрайтын. Анасы оған рұқсат етпейтін. Лешаның өзі де оны қаламайтын. Глеб болса әкесіне ұмтылып тұратын, бірақ оған әкең сені көргісі келмейді деп алдайтын. Аналары тәкаппарлық қылып алименттен бас тартар еді, бірақ енді бір нәрсеге күн көру керек қой. -Енді не істейік, әкеміз басқа қатынға ғашық боп қапты, Міне осылай бопты! Басқа жерде тәттірек екен да! Оған балалар керек емес. Енді ол жақта басқа балалар пайда болады!-деп жатты анасы. Леша мұның бәрін үндемей тыңдайтын. Глеб болса жылайтын. Әкесі бір жылдан соң оралды. Шындығында оралғысы келген. Глеб ол кезде үйде жоқ еді. Үйде Леша мен анасы екеуі ғана еді. Әкесі пақыр қателесіппін деп кешірім сұраумен болды. Сендерсіз күн көре алмайтынымды түсіндім деді. Балаларсыз өмір өмір емес екен. Бірақ анасы рұқсат бермеді. Бұл оның кек қайтаруы еді. Леша да оны қабылдамады. Іштеріндегі өкпе әлі тірі еді, онда өкінішке орай кешірімге орын жоқ еді. Ал олар Глебтен сұрамайтын, себебі ол әлі кішкентай еді. 

Уақыт өтіп жатты. Леша саудаға кетті. Глеб дәрігер болды. Леша үйленіп отбасылы болды. Інісі анасының соңғы күніне дейін қарады, ол кісі де бір күні дүниеден өтті. Көп ұзамай Глеб те бала кезінен досы Катяға үйленетін болды. Бұған дейін бауырының жұмысы басқа қалада еді. Екеуі ақылдаса келе, бірге қыдырып, бой сергітетін болып келісті. Қыдырғанға жеңіл көліктен гөрі поезды дұрыс көрді. Екеуі поездың тақылды шуында сауытты стаканмен шәй ішіп, арқа-жарқа боп келе жатты. Олар ешқашан ұрысқан емес, сирек кездесіп тұрушы еді. Мінездері әр түрлі. Алексей қатал, басынан сөз асырмайтын, , тек өзінікі ғана дұрыс болатын. Інісін ол әзілдеп  «мейірімді мырза» деп атайтын. Сосын оған осы мейірімділігіңнен айрылшы, қәзір ол сәнде емес,-деп тиісетін. Істері біткен соң, бұрын таныс емес сұлу қаланы аралап, қыдырып жүрді. Сосын олар вокзалға барды. Кіре берісте Алексей біреуге соғысып қалғандай болды. Оған жиіркене қарап, отырмайтын жерге отырғанын қарашы деп бұрқылдады. Ол картон үстінде отыр екен. Үсті кір-кір, сақалы өсіп кеткен, аяқтары жоқ. Сосын ол басын көтерді. Глеб алға озып кеткен еді, ағасының артта күліп жатқанын байқады. Тоқтай қалды. Алексей мекенсізді қолымен нұсқап, хахахалап жатыр екен. Глеб тез оның жанына жетіп келді де, жеңінен өзіне қарай тартты. Доғар енді! Мұның енді оғаштық. Өмірде не болмайды. Ол осылай еріккеннен тұр дейсің ба? Біз оны бағалай алмаймыз!-деді. 

Ағасы сыбырлап:

- Не дедің? Біз талқылай алмаймыз, дедің ба? Дәл осы жерде біз талқылай аламыз. Танымай тұрсың ба? Иә, сен ол кезде кішкентай едің ғой. Мен бірден таныдым. Әкеміздің көзі ерекше еді, бізге осындайы бұйырыпты. Жап-жасыл ғой. Анам марқұм көзіне бола жақсы көрдім деп еді. Бекер бұған шыққан екен тұрмысқа. Не істеп отырсың сүмелек? Қызық па екен? Балаларыңызбыз біз сенің. Күтпеп па едің? Таныдың ба бізді? Жолыққан жерімізді қара. Мен де сені кездестіремін деп ойлаған жоқ едім. Бірақ әділеттілік бар екен. Міне сен қандай болғансың? Бұл саған анамыздың көз жасы үшін. Біздің де көз жасымыз үшін. Барлық сенің бүлдіргенің үшін!-деп айқайлады Алексей ашулана. Қатты толқыныстағы Глеб сөйлей алмай қалды. Ал жерде отырған адам үнсіз жылауда. Тек, сендер қандай жақсы, сұлусыңдар, деп міңгірлеуде. 

- Оттапсың! -деді оған. -Әкеміз болғаның қандай өкінішті! Әкем екеніңнен ұялам, әрі сені соншама жек көремін! Осылай отырып, бір күні көшеде өлесің! Міне сенің жазаң! Ал енді жылай бер. Сосын көрейін сені. Дұрыс өмір сүргің келіп па еді? Өз отбасыңмен? Сүйгеніңнің артынан кеткен жоқ па едің? Сүйгенің қайда әкешім? Мүмкін бір тұрақты мекенсіз қатын тауып алған боларсың? Оңбаған!-деп жалғастырып жатты Алексей.

- Жетер енді! Доғар! Доғар дедім ғой мен саған, әйтпесе мен өзіме жауап бермеймін!-деп дауыстады Глеб. Ағасы оған қатты ашулана жауап бермекші болып еді. Бірақ бірден райынан қайтты. Глеб оның алдында тізерлеп отыр екен. Сосын қолын созып, мекенсіздің бетінен сипады да:

- Амансыз ба көке! Әкесі оның қолынан ұстап кеудесіне басты. Сосын басын салбыратып еңіреп жіберді. Ол осы кезде алдында кімді көрді екен? Мүмкін пәленбай жыл бұрын аяғына жабысып: «Кетпеші көке, кетпеші айналайын!»-деп жалынған көзі бақырайған аппақ баланы көрген болар? Балалар өсті. Екеуі де нағыз ер болыпты. Иә, ол олардың алдында кінәлі. Үлкен ұлы әлі сабырға келе алмай жатыр. Әкесі үндемеді. Бәрі орынды, өзі кінәлі. Жүрегі үлкен ұлының ашуынан емес, кішісінің үлкен мейірімді көздері мен жұмсақ қолдарынан жарылып кете, жаздап тұр. Кішісі бір ауыз сөз айтқан жоқ. Оның дәл осы үндемеген сүйіспеншілігі мен берілгендігінен ішіндегінің бәрі аунап түскендей.

- Жарайды енді, кеттік. Дегеніне жетіпті кәртәміс. Кеттік Глеб, поезымыз жүретін уақыт боп қалды,-деп Алексей інісін жоғары қарай тартты.

- Мен бармаймын. Кете бер. Кейінірек барармын. Көкемді тастап кете алмаймын!-деп Глеб орнынан көтерілді.

- Немене? Анамызбен біздің өмірімізді құртқан мына оңбағанның жанында қалмақсың ба? Көкеміз,-дейді ғой. Жынданған шығарсың сен? Көрмейсің бе оның кім болғанын? Түкіріп кете бермейсің ба? Мен өзімді бірінші рет бақытты сезініп тұрмын! Оның осындай қор болғаны жақсы болыпты! Мұрын боғың ағып тұра бермексің бе, кеттік енді!-деді Алексей інісін тартып. Глеб осы кезде әкесін қолына алды. Әкесі ап-арық, жеп-жеңіл. Бірақ қолдары өте күшті, ол қолдарының көмегімен жүрген ғой. Мұны көріп тұрған адамдар таң қала күрсініп жатты. Ағасы тілін жұтып қойғандай боп тұр. Әкесі кіші баласының мойнынан құшақтап алыпты. Ауада барлық нәрсе қатып қалғандай. Алексей бір ұрсып алды да алға түсіп жүріп кетті.

- Балам. Балақаным. Кешір мені балам. Ал аяқтарым...Сол кезде үсіп өліп қала жаздап едім. Сендерсіз маған өте қиын болды, қайтып оралмақ болғам, әйтеуір соның сәті түспеді. Сонымен әйтеуір бір күн өтіп жатты, еш жолым болмады. Мені қалдыра сал. Қажеті жоқ, Глебжан. Қалқам, бәріне өзім кінәлімін жаным,-деп сыбырлады еркек.

- Көке, баяғыда-ақ кешкенмін бәрін. Кешір мені, мен сені мұнда тастап кете алмаймын. Алдымен сені шомылдырып алайын, сосын қарап шығамын, мен әзір дәрігермін ғой, есіңізде ма, екеуміз бірге ойыншықтарды емдеуші едік қой? Бір ойыншық бегемотым бар еді, мен оның ыстығын қасықпен өлшеуші едім! Сосын машинаммен барлық ойыншықтарды таситынмын. Сен жүргізуші, ал мен дәрігер болатынмын. Есіңізде ма көке? Кейіндеу саған қозғалуды оңай қылатын бірдеңе ойлап табармыз. Менімен бірге тұратын боласыз, мен әзір үш бөлмелі пәтерде тұрамын. Демалыс күндері саяжайға барамыз, мен өзім үй соғып алғанмын. Бастырмада отырып, таза ауамен дем аласың. Кешкі салқынмен отырып шәй ішеміз,-деді ұлы. Ол асықпай әкесін арқалап тысқа қарай шығып бара жатты. Жап-жас, денсаулығы мықты,  сұлу азамат әлсіз әкесін қолымен көтеріп. Бір замандарда оны тастап, сатып кетіп еді. Біреулер оны талқылап, бастарын шайқауда. Неге ол былай істеуде?-деп. Ағасы құсап жанынан өтіп кете салу керек еді ғой деп. Ол саған не істеді, сен де оған соны істе. Ал басқа біреулері қатты таң қалып, бұл қанмен берілген қасиет деуде. Сол баяғы ойыншықтарды емдеп, машинамен таситын кішкентай бала, үлкен жақсы, мейірімді, нағыз азамат боп өсіп еді. Және ол ештеңеге қарамастан, әкесін сондай жақсы көруші еді.

Татьяна Пахоменко

Сотта байды жеңіп мат қылған кедей
Ақіреттің азабынан қорқып адал ас ішкен пенде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу