Ат – ер қанаты (аңыз-әңгіме)

Oinet.kz 21-12-2019 3995

Адам ата пейіштен қуылған кезде, жерге төрт көзді, қанатты пырақпен түскен екен. Бейтаныс мекен Адамның жүрегіне үрей салады. Пырақ пейішке қайта көтерілмек болғанда, адам жалынан құшақтап жібермей қояды.

жылқы.jpg

- Уа, жасаған Ием, мен жат жерден қорқып тұрмын. Жаныма пырақты серік ет! – дейді жалынып.

Тәңірісі:

 - Ей, пырақ, адамның – қанаты, жау тисе қорғаны бол! Адал қызмет ет! – деп пырақты жерге қалдырады. Ат амалсыз көнеді. Қанаты түсіп қалады. Қанатындағы к.ш-қайраты аяғына ауысады.

Пырақ жерге үйрене алмай, жұмақты аңсап, жылай береді екен. Көп жылағаннан төрт көзінің екеуі суалып, көрмей қалады. Аттың маңдайындағы көзге ұқсас шұңқырлар құрғап қалған жанардың орны деседі. Содан бастап ат адамның ажырамас серігіне айналады.

«Ат – ер қанаты» деген сөз сыдан қалыпты.

«Экософия немесе киелі табиғат» кітабынан  

Тырнақты қай күндері алуға болады?
Қойдың жаралуы (аңыз-әңгіме)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу