Ең оңбаған құс - шағала
Өлең жолдарында жиі кездесетін құс – шағала нағыз «ұрының» өзі. Олар басқа құстардың жұмыртқасын, олжасын ұрлап жейді. Шағаланы жалғыз кездестіру өте сирек құбылыс. Себебі олар отарымен өмір сүреді. Бір отарда он мыңнан астам шағала болады. Бір қызығы, шаңқылдауық қанаттылар кез-келген материалдан кез-келген жерге ұя сала алады екен. Шөп, бұтақша, қауырсын, тордың қиындысы, консервілі банка, басқа да қоқыс қалдықтары оларға ұя болуға жарай береді.