Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Әлемдегі ең қауіпті жолдардың бірі Үндістандағы Химашал жолы. Ол Үндістанның Химашал өңірі мен солтүстіктегі Кашмир және Джамму штаттарын жалғап тұр. Тау жоталарында орналасқан тар көше жылына тек 2,5 ай ғана ашық тұрады. Жаз мезгілінен басқа уақытта бұл жерден өту өте қауіпті. Себебі жолдар, яғни тастар кез-келген сәтте үгітілуі мүмкін және жаңбыр да жолаушыларға айтарлықтай кедергі келтіреді. Бір көлік әрең сиятын көшемен автобус бақандай екі күн жүріп өтеді. Себеп біреу-ақ жылдамдықты асыруға болмайды. Жол қауіпті болғанымен айналадағы табиғат көрінісі керемет. Экстримді ұнататындар үшін таптырмайтын жер. Алайда қан қысымы жоғары адамдардың өміріне қауіпті, өйткені жер бетінен жоғары нүктеде орналасқан тауда оттегі жетіспейді.