Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Хоккейшілер ырымшыл халық болып шықты. Байқасаңыздар мұз алаңындағы спортшылардың көбісі қауға сақалдылар болып келеді. Оларды сектантанттар екен деп ойлап қалмаңыз. Тек спортшылардың пікірінше мачтың алдында қырыну жаман ырым екен. Мұндай сенімді «Нью-Йорк Айлендерс» командасының мүшелері енгізген көрінеді. Ырымның қаншалықты әсер еткенін қайдам, бірақ олар 4 рет Стэнли кубогын жеңіп алған. Қақпашы Клинт Бенедикт де сұмдық ырымшыл болған екен. Ол ойын барысында қақпаның торына сәттілік үшін таға іліп қоятын болған.
Ал канадалық шабуылшы Джон Мэдден әр ойыннан кейін конькиінің бауын міндетті түрде ауыстырып отырса, Стэн Микита мачтың алдында шеккен темекі тұқылын сол иығынан лақтырған. 1995 жылы «Флорида Пантерз» командасының капитаны Скотт Мелланби жарыс басталмай тұрып киінетін бөлмеде атжалманды өлтірген екен. Сайыста ол 2 шайбаны қақпаға салады. Осы оқиғадан кейін қақпаға түскен әрбір шайба үшін жанкүйерлер мұз айдынына ойыншық тышқандарды лақтыруды дәстүрге айналдырыпты.