Балықтың асқазанынан қайта тіріліп шыққан адам
1891 жылы Атлант мұхитына кит аулауға шыққан «Шығыс жұлдызы» атты кеме сапарға аттанады. Балық аулаушылар сапар барысында бейқам жүзіп жүрген кашалотты байқап, қолға түсіруге әрекет жасайды. Балыққа жақындағанда гарпуншының бірі кашалотқа мылтықтан оқ атып, жаралайды. Қатты ақырған суда мекендеуші құйрығымен кеменің тас талқанын шығарады. Сәтсіз оқиғадан кейін команданың жеті мүшесі аман қалса, екеуі іс-түссіз жоғалып кетеді. Әріптестері оларды өлдіге санап еді. Кашалот сол күйі жұрт көзіне көрінбейді.
Тек кешке жақын жаралы балық жағаға шығып қалады. Матростар дереу жыртықштың ішін кесуге кіріседі. Сұмдық-ай! Балықтың асқазанынан апатқа ұшыраған кеменің мүшесі Джеймс Бартли шығады. Тыныс алып жатқан гарпуншы тез арада ауруханаға жеткізіледі. Есін жиған балықшы кейіннен оқиғаның мән-жайын айтып береді. Ол кашалоттың ішінде 16 сағаттай жатқан.