Балмұздақ рекордтары
Алғашқы рекорд:
Естімеген «Гиннестер рекордында» көп, - дегендей балмұздақ жасаудан рекорд жаңартқан үздіктерді назарларыңызға ұсынбақпын.
Британдық бас аспаз Хестон Блюментал жасап шыққан шедеврімен жаңа рекорд енгізді. Салмағы тоннаны құрайтын балмұздақтың ұзындығы 4 метрді құрады. Құлпынай джемімен безендіріліп, классикалық ванильді түрінде салынды.
Тәттілер өндіретін танымал "Dairy Queen Canada" компаниясы салмағы 10 тоннадан астам балмұздақ дайындап, рекорд жасады. Құрамы 9 тонна лакомства, 135 кг мұз, сондай-ақ бисквит пен шоколадтан дайындалды.
Сәтсіз рекорд:
Амеркикалықтардың жасаған балмұздағы сәтсіз аяқталды. Биіктігі 7 метр, салмағы 20 тоннаны құраған балмұздақты көтере алмаған жүк көлігінің кузовы ашылып, қала тәттіге толды.
Осыдан соң Америкада 2017 жылы әлемдегі ең ұзын балмұздақ – сандей десерті дайындалды. 1110 метр ұзындықта жасалған балмұздақ кілегей, шие және шоколад шәрбатымен жасалды. Сандей дайындауға 250 адам 1,5 күн уақыт жұмсады.