Біртүрлі жұптар
Ғаламшарымызда біртүрлі адамдар, қызу талқыға түскенді ұнататын жұптар көп. Солардың ішінен, әлі күнге дейін талқыланатын қос ғашықтарды іріктедік.
Виктор Хьюго мен Габриэла Пералта
Татуировка, құлақтағы туннельдер және тері астындағы импланттармен Гиннестер рекордына кірген ең біртүрлі жұп.
Санеле Масилела мен Хелен Шабангу
Бұл отбасы - әлемдегі ең жанжалды жұп саналған. Шамамен, 50 жастағы әйел мен 8 жасар балақайдың некесі сізді таңғалдырғаны анық. Хелен Санеланың атасының өмір бойғы, қолы жетпеген махаббаты болған. Санела бар болғанф атасының аманатын орындаған.
Франсуа Фернандес мен Мадлен Францини
Махаббат жасқа қарамайды. Қалыңдық 94 жаста, күйеу жігіт 96 жаста отау құрған дегенге сенесіз бе? Ия, бұл шындық. Бұл жұп- осылайша Гиннестер рекордының төрінен көрінді.
Барбарелла Бюхнер және оның мысықтары
48 жастағы Барбарелла өз мысықтарымен үйленуді жөн көрген. Күйеуімен айырылысқаннан кейін осы шешімге келдім, - дейді мысықтың жары.
Мангли Мунда және панасыз ит
Қарғысқа ұшыраған Мунда итке үйленуге мәжбүр болған.