Антарктида мұздарының астындағы көлдер

Oinet.kz 05-11-2019 1258

Screenshot_5.jpg

1989 жылы қашықтықтан сейсмикалық зондтау барысында Антарктиданың 4000 метр қалың мұзының астынан жердегі ең таза көлдердің бірі табылды. Ол Ресейлік "Восток" стансасы маңында болғандықтан, "Восток" көлі деп аталды. Ал, 1990 жылдан бастап, Американ - Француз зерттеушілері көлге жету үшін бұрғылау жұмыстарын бастап кетті. Нәтижесінде,1999 жылға дейін мұздың 3623 метр жері қазылды. Ал, одан арғы 152 метр жері көлдің экожүйесін бүлдірмеу үшін қазылған жоқ.

Алайда, бүгінде жаңа заманғы технологияның көмегімен мұз астында жатқан көлдің жылы температурасы бар екендігі анықталды. Тіпті, онда өмір сүретін тірі организмдер де ерекше байқалған. Ал, зерттеуші ғалымдар "Восток" көлін миллиондаған жылдар бойы күн көзін көрмей, мұздың астында жатса да өзінің экожүйесін бұзбай сақтағандығы таң қалдырады.

Бүгінгі күнге дейін Антарктида мұздарының астынан 140 көл табылып отыр. Олардың барлығы қалың мұз астында болғандықтан, әзірге толық қанды зерттеу де мүмкін емес. Бір анығы, сол 3000-4000 метр қалың мұз астындағы ауа-райы өзге құрлықтармен ұқсас келеді. Себебі, шөптер өседі, көлдер мен құмдар бар. Осыған қарап, миллиондаған жылдар бұрын Антарктиданы қалың мұз өз құрсауына алмай тұрып, онда қызу тіршілік болған секілді...

Айбол Қарашевтың фейсбуктағы парақшасынан

Жұлдыз-жорамал: 4-10 қараша
46 жастағы Джон Кеннеди мен 16 жасар Билл Клинтонның алғашқы фотосы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу