Жұлдыз-жорамал: 4-10 қараша
Тоқтылар былтырдан қалған шаруаларын аяқтайды. Апта қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары, өзара тиімді негізде іскерлік ынтымақтастықтың аяқталуымен байланысты ұзақ мерзімді үдерістердің аяқталуына септігін тигізеді. Бұл санның сапаға айналатын уақыты болмақ. Сіздің табандылығыңыз, сапалы жұмысыңыз бен міндеттемеге көзқарасыңыз бағаланады. Алыстан немесе шетелден келген адаммен кездесесіз. Қатынаста белгілі бір адамдарға деген көзқарасыңызды ойланып, қайта қарастырып, құпия табасыз. Өткен уақытта араласқан адам жайлы ақпарат аласыз. Өмірге жаңаша көзқарасыңызбен қасыңыздағы адамдарды таң қалдырасыз. Осы аптада сізге кітап, философтардың ойлары, фильм әсер етеді. Жалғыз отырып жайлы ортада ойға берілгеніңіз жөн. Қаржы мәселесі жақсарады.
Торпақтар мақтау мен мадақтау, қолдау күтеді. Сенімді досымен өзінің ойлары мен сезімі жайлы бөліскені дұрыс. Ұл аптада күту – өмірлік бағдарламаңыз болмақ. Бұл күйде жүріп жағымды нәрселерді басыңыздан өткізесіз. Туыстармен, достармен кездесесіз. Отырыстар болады, отбасылық мерекелер де. Белгілі бір адамға сыйлық жасайсыз. Сынға түсесіз, жақындарыңыздың ортасында дау-дамайға ілігуіңіз мүмкін. Бірақ салмақты болып, сабырлық сақтайсыз. Ешкіммен қатынасты үзбейсіз. Жұмыста өзгерістер күтілуде. Кадрлық. Медицина, заң, оқытушылық саласында істейтіндерді өзгерістер күтіп тұр. Шығын көп. Қаржы мәселесі тек серіктесіңізге байланысты болмақ. Таныс адамыңызбен сапарға шығауыңыз мүмкін. Тыныс алу жолдарын күтіңіз.
Егіздер көптеген кездесулер мен келіссөздерден есі шығады. Басты оқиғалар жұмыста болмақ. Жаңа бағытта жұмыс істеп, үйрену мен ізденістер болады. Жаңа міндеттер күтілуде. Кәсіби салада жаңа таныс табасыз, сонымен бірге жұмыс істейсіз. Мәртебеңіз құпия сақтауға арналады. Жаңа мүддені сақтауға ұмтыласыз. Достарыңыз бен туыстарыңыздың алдында ылғи шаршап, шалдығып жүресіз. Бұл күн тек уақытша. Барлығы өткенді еске түсіреді, сонымен байланыст болады. Шығармашылық құлдырайды, материалдық жағдай алғы шепке шығады. Қызмет бабына қатысты бірқатар соманы тағатсыздана күтесіз. Пікірлес адамдар мен әріптестердің арасында салқындық орнайды. Бұл да уақытша. Таяуда әдеттегі қалпыңызға түсіп, сұраныста боласыз. Белсенді боласыз.
Шаяндар батыл түрде керексіз байланыстар мен салмақ салатын адамдардан құтылуы тиіс. Қызмет бабын жақсартып, мықтылайтын уақыт жетті, оған мүмкіндік бар. Жаңа қызметке, жұмыс жағдайын жақсы жерге ауысуыңыз мүмкін. Егер басшы болса, маңызды шешім қабылдап, өнім шығару көлемін қысқартасыз. Кадр саясаты өте маңызды болмақ. Жағдай бір қалыпты болғанымен, біршама ұрыс, дау, дауыс көтеріп сөйлеген келіссөздер болады. Бірақ ол сіздің жалпы жұмысыңызға әсер етпейді. Сапарға шығуға шақыру аласыз. Жаңа қызметке қатысты бірнеше шақырулар болады. Тұрмыс жағдайын жақсартатын сәт туады. Оны жақындарыңыздың арасында талқылайсыз. Қаржы мәселесі өзгермейді. Қысылтаяң шақ – жоқтың қасы. Өз жиған-тергеніңізге арқа сүйейсіз. Алыстан келген атақты адаммен кездесуіңіз мүмкін. Оның тұрғын үй мәселесі мен көшу мәселесін шешуге ат салысасыз. Жеке өмірде әзірге тыныш, рух беретіндей қалыпта.
Арыстандар өзіне жағатын күйін сақтай отырып, жеке бастың қамына кіріседі. Яғни жеке мәселесіне ден қояды. Жағдайлары қолайсыздық тудырса да, қиындықты жеңіп, өміріндегі негізгі ұстанымын сақтап қалады. Таныстары мен достары туралы көп ақпарат алады. Оған ұатыспаса да, бәрінен хабардар болады. Өзіне таныс байланыста жағдайдың қала болып жатқанына қызығушылық танытады. Айналасындағы күдік тудырғандар да мазалайды. Сонымен қатар кәсіби ынтымақтастық, кәсіби тәжірибе алмасу, оқу жағынан бірқатар нәрсеге көзін жеткізеді. Бұл аптада оқыту үрдісін басқарып немесе жұмысында негізгі болып саналатын саланың тәлімгерлік рөлін атқарады. Сапарға шығу туралы сөз қозғалады. Жоспарлаған дүниені іске асыру үшін бір адамнан шақыру күтеді. Қаржы мәселесін нығайтып, материалдық баюды көздейтін маңызды нәрсеге бола, өз мүддесінен бас тартады.
Бикештер жасы кіші туыстарының жағдайына бола психологиялық дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Болып жатқан жағдайға жауапкершілікті мойнына алып, белсенділік танытады. Жұлдыздар оған тұрақтылық тәртібіне көшіп, біреге ықпал етуін тоқтатып, дауға араласпауға кеңес береді. Қазір толық ақпаратқа ие бола алмай отыр. Басқарайын десе, қажетті ақпарат қолында жоқ. Басшылық емес, екінші рөлде ғана сіздің сөзіңізге құлақ түреді. Сөйтіп жұмсаған күшіңізге алғыс аласыз. Біреудің өтінішіне бола тұра жүгірер алдында алдымен ақшасын төлегенін талап етіңіз. Ұмыт болып бара жатқан іскерлігіңізді іске қосуға тура келеді. Шеберлігіңіз бағаланады. Жеке өмірде пайымдай келе, даудан өзіңізді сақтап қаласыз.
Таразылар жіберіп алған мүмкіндіктерін ойлап мазасы кетеді. Бұл аптада ойға беріліп, көп нәрсеге өкінеді. Бірақ барлығына шынайы қарап, түсінеді. Болып жатқан жағдайларға дұрыс түзетулер енгізу мүмкіндігі тұр. Ол жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Жұмыста ойламаған жерден әріптестер тарапынан оң өзгерістер болады. Кәсіби іске қатысты сапар жоспарланады. Түпкі мақсатыңызды жасырасыз. Өзіне деген сұранысты басқаларға да ықпал етуге тырысады. Өз мүддесін көбірек ойлайды. Достары мінсіз болса да, өзіне деген қысастықты сезеді. Сізге сындар көп айтылады. Сізге қызығушылық та көп. Осының бәрін сынақ деп қабылдап, жеңіске жетесіз. Және бұл «жоқ» деп айтуға жақсы мүмкіндік. Қаржы мәселесі тұрақсыз. Бірақ ақша табудың жаңа жолдарын табасыз. Және бұл сіздің көңіліңізді орнына түсіреді.
Сарышаяндар кәсіби салада және жеке өмірінде қарым-қатынасты қайта қарайды. Қалыптасқан жағдайға қарап, өзінің дұрыс ұстанымын өзгертуге қабілетті. Содан бойы жеңілдеп қалады. Қажетті анық нәрсені алып, өз шешімінің дұрыс екеніне көзін жеткізеді. Денсаулығына қатысты шаруаларды аяқтауға бұл апта өте қолайлы. Және де артық салмақ тастау мен дене шынықтуына арналған алддын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға ыңғайлы апта. Өзіне белгілі бағытта жолға шығуы мүмкін. Бұл аптадағы кездесулер ойламаған жерден болып, тағдырына әсер етуі мүмкін. Әріптестері мен ниеттестері тарапынан кәсіби салада бірқатар өзгерістер болуы мүмкін. Бірге жұмыс істеу туралы ұсыныс түседі. Жұмыста жаңашылдықтар бар. Көбісінің жағдайы іс-сапарға, уақытша басқа қалаға, елге көшумен байланысты болмақ. Қаржы мәселесі қазір жүзеге аса бастаған, жақында құрған жоспарына байланысты. Туыстарымен ұзақ уақыт қатынасын үзеді.
Мергендер бір нәрседен көңілі қалады. Үміттеріңіз ақталмайды. Осы апта жаңа жоспар құрып, қорытынды жасауға арналған. Сонымен бірге былтырдан бері созылып келе жатқан шаруаны жалғастырасыз. Қаржы міндеттеріне қатысты кездесу, келіссөздер болуы мүмкін. Тіпті сіздің рөліңіз негізгі болмаса да, ерекше идея мен ұсыныстар айтып назарға ілігесіз. Жұмысыңызда біраз уақытқа тыныштық орнайды. Бұл ойланатын, болашақ қадамды пайымдайтын кез. Бірлескен жобалар жүзеге асады. Бұрынғы жоспармен жолға шығуыңыз мүмкін. Туысқандармен кездесіп, отырыс болады. Жақындардан сыйлық аласыз. Сізге мақтау, қолдау жетіспей жүр. Рухани жылылық пен сезімнен жұрдай болу – күйзеліске әкелетінін біліңіз. Сіздің құтқарушыңыз – шығармашылық.
Тауешкілер мүддесіне қайшы, қызығушылығын туғызбайтын адамдардан қашатын болады. Бұл апта қарама-қайшылыққа, күмәнге толы. Бірақ сіздің қолыңызда барлық ақпарат болады. Соны кәдеге жаратасыз. Және де шынайы боласыз. Біреумен жаңалықтарыңызбен бөліскіңіз келеді. Тартымды боласыз, сізбен көбісі сөйлескісі, әңгімелескісі келеді. Бірақ өзгенің құпиясын сақтауға шамаңыз жетпейді. Кезедесуге барып, ақпарат алмасқыңыз келеді. Достарыңыздың біреуімен байланысты үзесіз. Оған екі жақты көзқарас себеп. Және бұнда рөліңіз анықталады. Туыстармен қарым-қатынаста абай болыңыз. Сіздің әрекетіңіз дау тудыруы мүмкін. Жақын адамдарыңыз сіздің кесіріңізден ұрсысып қалуы мүмкін. Жұмыста ғана жақсы қатынас құрып, сонда жақсы сезінесіз. Қаржы мәселесі қуантатын болады. Пайдалы шарт жасап, келісімге келесіз. Әріптестермен тіл табысып, абырой жинайсыз. Сапар сәтті болады, жұмысқа қатысы болса. Жеке өмірде өзгеріс жоқ.
Суқұйғыштар назарын жаңа адамдарға, жарқын болашаққа аударады. Өзінің сүйікті істерінде кемшіліктер көреді. Мақсатыңыз ескірген, жоспарыңыз қызықсыз. Ұзақ уақыт тәуелді болған адамдарыңызбен байланыс нашардайды. Сыр жатқан сенімдік азаяды. Күмәнге толы кездерде байланысты қайта қарап, кейбірімен қатынасты мүлде үзесіз. Досыңызбен кеңескеніңіз жөн. Өзіңізге ғана сенемін деп, үлкен қателік жіберіп алуыңыз мүмкін. Оны түзеу қиынға соғады. Ұсақ-түйек істерге көңіл аударуға жұлдыздар кеңес береді. Келбетіңізге көңіл аударатын уақыт жетті. Артық салмақтан арылып, киім-кешекті жаңалау қажет. Оған мүмкіндіктер мен қаражат та жеткілікті. Сонда жаңаша өмірге бет бұрасыз. Өзіңізден бастаңыз. Сонда айналаңыздағы өмірдің жақсы жағын, өзгергенін көресіз. Жеке өмірде аздаған түсініспеушілік болады. Талап күшейеді. Бірақ көбісінің қатынасы бала туылуына жақсы жол ашады.
Балықтар проблемалларын қазір шешуі тиіс, кейінге қалдыруға болмайды. Осы аптада біраз ауыртпашылықтардан сүрінбей өтесіз. Ол жұмысқа, кәсіби салаға қатысты болмақ. Қызметтегі адамдармен ұзақ уақыт телефонмен сөйлесесіз. Әріптесіңіз немесе туысыңыздың проблемасын шешуге ат салысасыз. Тартымды адаммен таныстық күтілуде. Жас айырмашылығы үлкен болады оның. Көбісі жасырын кездесулерге барады. Көп нәрсені жасыруға тура келеді бұл аптада. Жаңа жоба туралы ұсыныс бар. Эмоциялық жағынан шабы
дереккөз: ktk.kz