Мейірбике қалай пайда болды?
Дәрігердің сенімді көмекшісі мейірбикелер алғаш рет 1854 жылы Севастополь қаласында пайда болды. Әйгілі хирург Николай Пирагов тұтқыннан босаған шаһарға келгенде жаралылардың тым көп екенін байқайды. Оларды емдеу ісімен жалғыз өзі айналыса алмайтынын білген ол өзіне сенімді көмекшілерді іздей бастайды. Нәтижесінде мейірбике мамандары өмірге келді.
Ол кезде мейірбикелер тек абыройлы отбасынан шыққан бойжеткендер болған. Ерікті қыздар тек жатар орын, киім мен тамақ үшін жұмыс істеді. Мейірбикелердің көмегімен Пирагов жаралыларға небәрі 12 күнде ем көрсетіп шығады. Статистикалық деректер бойынша Қырым соғысында екі мыңға жуық медбикелер қатысқан. Олардың 17-сі шайқас кезінде қаза тапқан.